Мағжан оқулары

11 қараша күні мектебімізде аудандык Мағжан оқулары өтті.Мақсаты: Мағжан оқуларын жатқа айту, ақынның шағармашылығын зерттеу арқылы патриоттыққа тәрбиелеу. Байқауда 10-сынып оқушысы Парсахан Динара 3-орынға иеленді.
11 қараша күні мектебімізде аудандык Мағжан оқулары өтті.Мақсаты: Мағжан оқуларын жатқа айту, ақынның шағармашылығын зерттеу арқылы патриоттыққа тәрбиелеу. Байқауда 10-сынып оқушысы Парсахан Динара 3-орынға иеленді.
Бүгін мектебімізде 1-11 сынып аралығында оқушыларға «Адалдық» сағаты өткізілді. Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастарды адалдыққа , парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сайыстың мақсаты: оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру, ата – ана мен оқушы арасындағы қарым – қатынасты нығайту.Күзгі демалыстың жоспары аясында ата-ана мен оқушы арасында «Шахмат – ақыл ойыны» сайысы өткізілді.Сайыс қорытындысында жеңімпаз отбасы марапатталды.
Қазақтың ұлттық ойындарының бірі – асық ойыны. Бұл ойын ертеден мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыздың қолданысында келе жатқан көне ойын түрі. Ерте кезде әр қазақтың балалары мен жастарының бас қосуының негізінде асық ойыны ойнатылатын. Асық ойыны баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйлыстыққа тәрбиелеген.Осы мақсатта оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруда асық ойыны өткізілді. Онйынның қорытындысында асықтың түрлері, ойынның ережесімен жете танысты.
Мақсаты: латын әліпбине көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.Осы мақсатта 5-11 сынып аралығында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Аманжол Айжан диктант өткізді. Диктант соңында тексеріліп, оқушылардың латын әліпбиін меңгеріп жатқаны байқалды.
2019 жылдың 28 қазан күні Жалтыр ЖОББМ-де ғылыми жоба жарысы өтті. Жарыс нәтижесі бойынша 8-сынып оқушысы Рамазан Самал ІІІ орын (жетекшісі физика пәнінің мұғалімі Ережепова А.Е.), 9-сынып оқушысы Нажмиденова Ания ІІІ орын иеленді (жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Темиржанова Г.К.).
“Гүлдер” шағын орталығында “Алтын күз” – мерекелік ертеңгілігі өтті. Тәрбиешілер мен мен ата-аналар бірлесіп үлкен іс-шараны жоғары деңгейде өткізді. Мақсаты: Күз туралы және күзгі табиғат құбылыстарының ерекшеліктері жөнінде мәлімет бере отырып, балалардың музыкаға деген қызығушылығын арттыру. Сөздік қорларын молайту, білімдерін дамыту. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу, ой-өрісін дамыту. Табиғатты аялауға, қорғауға баулу.
Мақсаты: отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату, әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау, баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасылық рөлінің маңыздылығы және оның патриоттық көзқарасы.25-қазан «Отбасы- тәрбие басы, мектеп -тәрбие жаршысы» тақырыбында жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Мектепте күн сайын оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында мектеп кітапханашысы Г.Серикбаева «20 минуттық оқу» акциясын күнделікті ұйымдастырады. Көп кітап оқыған оқушылар тәтті сыйлықтарға ие болады.
Мақсаты: Ұлы Абайдың даналығы мен даралығына арналған көрме ұйымдастыру.Қазан жалпы орта білім беретін мектебінің мектеп кітапханашысы Г.Серикбаева Ұлы Абайдың даналығы мен даралығына арналған көрме жасалды.
Мақсаты: жалпымектепішілік ата – аналар жиналысын өткізу, ата – анамен қарым қатынасты нығайту.«ХХІ ғасыр ата анасы» тақырыбында жалпымектепішілік ата – аналар жиналысы өткізілді. Ата аналар жиналысы «Оқушы және ата ана» шахмат ойынымен басталып, жиналыс залында ата – аналармен өзара қарым қатынасты орнату мақсатында флеш моб ұйымдастырылды. Жиналыс бағдарламаға сай қойылған сұрақтар негізінде өткізілді.
Мақсаты: қамқорлықты қажет ететін қарт адамдарға көмек көрсету.Мектебіміздің «Тимуршылар» волонтерлер тобы «Қамқорлық» акциясы негізінде қамқорлықты қажет ететін қарт адамдардың үйлеріне барып қыздар үйлерін жинап, ұл балалар аулаларын сыпырып көмек көрсетті. Тыл еңбеккері Темиржанова Күлзат апа , жалғызбасты ана Габбасова Нургуль апайдың үйлеріне барып көмек көрсетіп, алғыстарын алды.
«Кітапханашылар күні» мерекесі аудан көлемінде А.Иманов мектебінде аталып өтті. Мектеп кітапханашысы Г.Серикбаева аталмыш мерекеге қатысып, кітапханашылармен өзара тәжірибе алмасып қайтты. Мереке жалғасы мектепте орын алды. Мектеп оқушылар «Кітапханашылар күні» атап өтті.
Ата — аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:
Ата — ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;
Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту;
Ата – аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу;
Осы мақсатта директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Темиржанова қатысып, ата аналармен жұмысты ұйымдастырудың шеберлік сыныбын көрсетті.
“Гүлдер “шағын орталығында “Жемістер мен көкеністер” тақырыбына дидактикалық ойын өткізілді. Мақсаты: Жемістер мен көкөністерге түсінік беру. Оларды ажырата білуге үйрету. Ойын, есте сақтау қабілетін, дүние танымын дамыту.
Ауыл мәдениет үйінің кітапханашысы Д. Аубакирова және ауыл әкімінің бас маманы М.Касибаеваның қатысуымен мектеп оқушыларымен «Әлемге саяхат» дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге оқушылар аса қызығушылықпен қатысып, іс шараның соңында сұрақ жауап алмасты.