«Алтын күз» мерекесі

16.09.2019

Қазан жалпы орта білім беретін мектебі бойынша 16 қыркүйек «Алтын күз» мерекесі өткізілді. Мақсаты: күз мезгілінің ерекшелігі, күздігүні тоқшылық пен береке, күздің сұлулығын насихаттау. «Алтын күз» мерекесіне оқушылар аса қызығушылықпен, жақсы дайындықпен қатысты. Мерекеде ерекше жақсы дайындалған сыныптар, атап айтқанда даярлық сыныбының тәрбиеленушілері және 7 сынып оқушылары сынып жетекшісі С.Кайдарова бас жүлдені иеленсе, Кайдарова бас жүлдені иеленсе, 3-8 сынып оқушылары І орын, 2-6 сынып ІІ орынды иеленді. Жүлделі орын иегерлері мақтау қағазымен тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Электр жүйесіндегі қауіпсіздік туралы нұсқаулық

13.09.2019

2019 жылдың 13 қыркүйек күні Жұмыскер ауылының электр қызметкерлері мектеп оқушыларына электр қауіпсіздігі жөнінде арнайы нұсқаулықпен таныстырды.

«Болашаққа бағдар» рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына (идеясына) арналған жалпықазақстандық ашық диктант

10.09.2019

Қазақстан республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 мамырдағы №271 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған іс шаралар жоспарының 40-тармағын орындау мақсатында КХА «Мың бала» республикалық мәдени- ағарту жобасы аясында латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиін қолдану арқылы жалпықазасқатандық ашық диктант ұйымдастырылды. Ашық диктант 2019 жылғы 10 қыркүйекте сағат 11.00- де синхронды түрде басталып өткізілді. Диктант тақырыбы «2019jyl-Jastar jyly».

Тілдер айлығы

09.09.2019

2019 жылғы 2-30 қыркүйек аралығында «Тілдер айлығы» өткізілуде. Жалпы айлық шеңберінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған мектептің кітапханасында көрме, «Тілдің үштұғырлығы» тақырыбында кеш, «Мың бала» жобасы негізінде фильмдер көрсетілді.

Денсаулық апталығы

06.09.2019

Қазақстан Республикасының 2016-2019 ж.ж. арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және тұрғындар, оның ішінде балаларды инфекциялық, инфекциялық емес мәселелер бойынша, астан улану ошақтарына жол бермеу, жаппай инфекциялық аурулар мәселелері бойынша ақпараттандырылуын арттыру, балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2 қыркүйек және 6 қыркүйек аралығында «Денсаулық апталығы» өткізілді. Апталық жұмысы апта бойына жоспарланып, қорытындысында оқушылар мен мұғалімдер табиғат аясына топсаяхатқа шықты.

Қазақстан Республикасының Туын көтеру рәсімі

01.09.2019

Қазан орта мектебінде 1-қыркүйек күні Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туы көтерілді.
Мемлекеттік туды көтеру рәсімі алғашқы әскери пәнінің мұғалімі Хасенов Сержан Сансызбайұлының ұйымдастыруымен мектебіміздің 11 сынып оқушылары Назымбек Нұрхат және Амангелді Аманбек Мемлекеттік туды көтерді. Қорытындысында Мемлекеттік Әнұран орындалды.

Адалдық сағаты

01.09.2019

2019 жылғы 1 қыркүйек күні «1-қыркүйек-Білім күні» мерекесіне орай бірыңғай «Адалдық сағаты» ұйымдастырылды. «Адалдық сағатында» арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетіле отырып, өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтары, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарлары, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктері кеңінен түсіндірілді.

1 қырқүйек- білім күніне арналған “Саналы ұрпақ-жарқын болашақ” мерекесі

01.09.2019

2019 жылғы 1 қыркүйек «Білім күніне» арналған «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» мерекесі және азаматтық патриоттық сабағы өткізілді.
1-қыркүйек өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру болып табылады.
Білім күні мерекесі –патриоттық және идеологиялық маңызы бар, жаңа оқу жылындағы бірінші тәрбиелік іс-шара. Мерекелік іс шараға оқушылар мен ата-аналар, ауыл әкімі Б.Бекқожин, Май ауданы маслихатының депутаты Т.Сулейменов, мектебіміздің ардагер ұстазы, еңбек орденінің иегері Н.Қ.Кисамиденова қатысты.

“Мектепке жол” жалпыреспубликалық акциясы

23.08.2019

Балалардың мектепке барар жолын табуына көмектесейік!
Қазан жалпы орта білім беретін мектебі бойынша 2019 жылғы шілденің
1-мен – қыркүйектің 30-ы аралығында республикалық «Мектепке жол акциясы өткізілуде.
«Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясының мақсаты – оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылына дайындық кезінде ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Жақсы бол адам болсаң ел көргендей,
Халқыңа қысылғанда дем бергендей.
Пайдаңды жақсы болсаң тигіз көпке,
Баланың білім алуына жол бергендей
– Балалардың мектепке барар жолын табуына көмектесейік! деген ұранмен демеушілерге үндеу хаттар таратылып, рейд барысында анықталған 10 оқушыға көмек көрсетілді. Сонымен қатар ауыл әкімшілігі мен мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен 22 тамызда мектеп жәрмеңкесі өткізілді, жәрмеңкеге қатысушыларға ауыл тұрғындарынның атынан ризашылығымызды білдіреміз. Акцияға белсене қатысып, көмек көрсеткен ауыл әкімі Б.Бекқожин, ауыл депутаты Т.Сулейменов, ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Кулетов, мектеп әкімшілігі, ауыл әкімшілігі, мәдениет үйі, ЖШҚ «Теміржан», ЖШҚ «Шәкен», ЖШҚ «Ақтай» демеушілерімізге де отбасыларына бақыт, денсаулық, береке, еңбектеріне табыс тілейміз.

Қазан ОМ директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
Г.Қ.Теміржанова

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ТЕРЕЗЕ-ҚАУІПТІ АЙМАҚ!

15.07.2019

БАЛА+СУ=ҚАУІП – ҚАТЕР!

15.07.2019

“Жұлдыз” жазғы сауықтыру лагерінде дидактикалық ойындар

25.06.2019

“Жұлдыз” жазғы сауықтыру лагерінде дидактикалық ойындар өткізілді. Балалардың жас ерекшелігін ескере отырып дидактиқалық ойындар мен тапсырмалар беріледі. Мақсаты: оқушылардың оқыл-ойларын дамыту, түстер мен геометриялық пішіндерді ажырата білу, логикалық  ойлау қабілеттерін дамыту, салыстыру білу.

 

“Жұлдыз” жазғы сауықтыру лагерінде “Спорт-біздің досымыз” ойындар

24.06.2019

“Жұлдыз” жазғы сауықтыру лагерінде “Спорт-біздің досымыз” ойындар ұйымдастырылды. Күнделікте демалушылармен таңғы жаттығу, спорттық ойындар, эстафеталар ұйымдастырылып, оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың арасындағы достық қарым-қатынасын, денсаулығын нығайту.

 

“Жұлдыз” жазғы сауықтыру лагерінде ұлттық киімдерге сурет көрмесі ұйымдастырылды

21.06.2019

“Жұлдыз” жазғы сауықтыру лагерінде ұлттық киімдерге сурет көрмесі ұйыдастырылды. Мақсаты:  Оқушыларға Қазақ халқының қолөнері –ертеден-ақ дамып келе жатқан бай қазына. Қолөнердің басты бір саласы-киім тігу. Ұлттық киімдер ерте заманнан күні бүгінге дейін әрі әсем,әрі ыңғайлылығымен де пайдаланылып келеді. Қазақ киімнің ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халық тарихыңың , ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол –қазақ халқының ұлттық мәдениетінің бір үлкен саласы.
Қазақтың ұлттық киімдері негізінен мынандай түрге бөлінеді: іштік киімдер, сыртқы (өң) киімдер, сулық киімдер, ерлердің бас киімдері, әйелдердің бас киімдері, аяқ киімдер. Қазақ халқының ұлттық киімдері климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Біркиер киім қымбат матадан тігілген. Той-думандарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киім болған. Ұлттық киімдерге біз тақия, қалпақ, сәукеле, мәсі, саптама етік, кимешек, жейде, көйлек, камзол, шапан, ішік тағы сол сияқты киімдерді жатқызамыз Ішкі киімдер: көйлек, желет, кәзекей; сыртқы киімдер: шапан, күпі, кеудеше, тон; сулық киімдерге: шекпен, шапан, т.б. жатады. Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі: көйлек, кимешек, қамзол, тақия, сәукеле, кәзекей, кебіс, мәсі, т.б.

 

” Жұлдыз” жазғы сауықтыру лагерінің екінші маусымның салтанатты ашылуы

19.06.2019

” Жұлдыз” жазғы сауықтыру лагерінің екінші маусымның салтанатты ашылуы болды. Ашылу лагеріне Сайқымазақ келіп балалардың көңіл-күйлерін көтеріп, тәтті торт сыйлады. Балалар Сайқымазақпен досына өз өнерлерін көрсетіп, бірге ән айтып, би билеп, ойын ойнап балаларға керемет мереке болды. Мерекеге Сайқымазақтын досымен келуы балаларға тосын сый болды. Екінші маусымның ашылуына тәрбиешілер Тулкина Г.Е және Какежанова Г.О. қызықты ұйымдастырды.

 

“Жұлдыз” жазғы сауықтыру лагерінде асық ойнау

10.06.2019

“Жұлдыз” жазғы сауықтыру лагерінде асық ату ойнатылды. Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту. Асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке мергендікке ептілікке жеңіске деген құштарлыққа намысқойлыққа, әділдікке баулу. Балаларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу.Балалардың өй-өрісін дамыту. Балаларды ұлттық ойындарға қызықтыра отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.