Тоғызқұмалақ және дойбы ойындары

12.06.2018

“Жас қыран” мектеп жанындағы сауықтыру лагерінде жас волонтер Уалиева А.Т балалар арасында тоғызқұмалақ, дойбы ойындарының ережесімен таныстырып, сайыс өткізді.

“Ертегілер еліне саяхат” топтық сайыс

11.06.2018

“Жас қыран” мектеп жанындағы сауықтыру лагерінде “Ертегілер еліне саяхат” топтық сайысы өткізілді. Сайыс барысында балалар үш топқа бөлінді. Әр топ өздеріне берілген ертегілерін көрініс ретінде көрсетіп, сахналады.

Шашбау– қыз-келіншектер шашына тағатын сәндік әшекей- бұйым .

09.06.2018

Шашбау– қыз-келіншектер шашына тағатын сәндік әшекей- бұйым . Мұндай әйел шашының әр-ажарын аша түсетін, өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін тағылатын алтын, күміс тиындар, кейде маржан қадалған, ызылған бауы бар Шашбауды түркі халықтары ежелден қолданып келеді. Жасалу, әшекейлеу әдістеріне қарап оларды үзбелі Шашбау, шашақты Шашбау деп топтастыруға болады. “Елім-ай” үйірмесінде кішкентай қыздарымызға шашбау тағып, үйірме жетекшісі С.Жаксымбетова шашбаудың жасалу жолдарымен, шашбау тағудың пайдасымен таныстырды.

“Елім-ай” үйірмесі

08.06.2018

Эстафеталық ойындар

08.06.2018

“Жас қыран” мектеп жанындағы сауықтыру лагерінде балалар топқа бөлініп, эстафеталық ойындар ойнады.

“Дизайнер және модель” сән байқауы

07.06.2018

“Жас қыран” мектеп жанындағы сауықтыру лагерінде “Дизайнер және модель” сән байқауы өтті. Байқауда қыздар әр түрлі тұрмыстық заттардан түрлі киім үлгілерін жасады.

“Елім-ай” үйірмесінде ұлттық қолөнер күні болды.

06.06.2018

6 маусым күні “Елім-ай” үйірмесінде ұлттық қолөнер күні болды.

“Ағылшынша үйренейік” жас волонтер жұмысы

06.06.2018

“Жас қыран” мектеп жанындағы сауықтыру лагерінде волонтер Уалиева Аяулым балалар арасында “Ағылшынша үйренейік” атты ағылшын тілінен түрлі ойындар мен оқулар ұйымдастырып, өткізді.

Медбикемен кездесу

05.06.2018

“Жас қыран” мектеп жанындағы сауықтыру лагерінде медбикемен кездесу өткізілді. Г.Далабаева балаларға “Менингит” ауруы туралы мәлімет берді.

“Тарихыңды таны” сайысы

04.06.2018

“Елім-ай” үйірмесінде “Тарихыңды таны” сайысы өткізілді. Сайысқа “Достық” және “Тұлпар” топтары қатысты. Таныстыру, сұрақ-жауап және каптиандар сайысының қорытындысы бойынша “Тұлпар” тобы жеңіске жетті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

04.06.2018

“Жас қыран” мектеп жанындағы сауықтыру лагері

02.06.2018

«Жас қыран» лагерінің 2-күні келген әрбір оқушыны алдымен медбике денсаулықтарын тексерді. Қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды. Таңғы жаттығу жасалды. Жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді.

1-маусым «Балаларды қорғау күні»

01.06.2018

Отанымыздың ертеңі де, өркені де- бүгінгі ұрпақ. 2018 жылдың 1 маусым күні Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде Балаларды қорғау күніне арналған мереке қарсаңында « Жас қыран» мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің ашылу рәсімі өтті. Аталған шарада балалар би билеп, ән айтып көнілдерін көтерді. Ауыл әкімі Бекхожин Б.Ж мектеп директоры СабироваГ.Ж балаларды құттықтап, шаруа қожалықтары атынан тәтті сыйлықтар таратты. Балаларға арнап мәдениет үйінде концерт ұйымдастырылып қуаныш сыйлады.
«Жас қыран» лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа , адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт – дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру.

“Мектепке тағзым” акциясы

25.05.2018

2017-2018 оқу жылында “Мектепке тағзым” акциясына мектебіміздің 1988,1993,1998 және 2008 жылғы түлектері қатысты. Мектеп түлектері мектепке қажетті теледидар, музыка аппаратурасы, шахмат кабинеті және т.б мектепке сый-сияпат ретінде табыстады.

25-мамыр “Соңғы қоңырау” салтанатты жиыны

25.05.2018

2017-2018 оқу жылының аяқталуына арналған “Соңғы қоңырау” салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиын Н.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру” бағдарламасы, Астананың 20 жылдығы және 2018 жыл “Экология жылы” аталып өтті. “Соңғы қоңырау” салтанатты жиынына мектептің 1988 жылғы, 1993 жылғы, 1998 жылғы, 2008 жылғы түлектері келіп, мектебі мен білім нәрін сусындатқан ұстаздарымен қауышты.

“Мектептегі түн” 11-сыныпқа арналған қоштасу кеші.

18.05.2018

2017-2018 оқу жылында 11-сыныпты бітіруші түлектерге арналған “Мектептегі түн” қоштасу кеші өткізілді. Кешке түлектер, мұғалімдер және ата-аналар қатысты. Кештің мақсаты: түлектердің мектебінен есте қалатын сәттер мен оқушы, мұғалім және ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Түлектермен қоштасу кеші қойылған мақсатына жетіп,есте қалар түндеріне айналды.