“Алдағы күнге сенеміз!” ҰБТ -ға психологиялық дайындық

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде түлектердің ҰБТ өтуде сапалық көрсеткіштеріне әсер ететін жағымсыз факторлардың алдын – алуға бағытталған психологиялық тренинг бағдарламасы құрылып, түрлі іс -шаралар жүргізілуде. Ата – аналармен кездесу,оқу-танымдық қабілеттерін түзете дамыту, шығармашылық – танымдық қабілеттерін дамыту, сенімділікті бойларына қондыру, психикалық күштенуден (стресс пен қорқыныштан) арылту мақсатында түрлі ойындар мен арттерапия, құм терапиялары, шағын дәрістер өткізілуде.