“Қауіпсіз мектеп” акциясы

“Қауіпсіз мектеп” акциясы аясында “Жол тәртібін әркім білуі тиіс” тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушылар жолда жүру ережесін білу және қатаң сақтау, жолдағы белгілерді естерінде сақтау.
“Қауіпсіз мектеп” акциясы аясында “Жол тәртібін әркім білуі тиіс” тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушылар жолда жүру ережесін білу және қатаң сақтау, жолдағы белгілерді естерінде сақтау.
Облыстық “ECO BOOM” жобасы аясында “Қолданылған батареяларды және ПВХ өнімдерін жою” акциясы іске асырылды. Мақсаты: қолданылған батареяларды және ПВХ өнімдерін ұтымды пайдалану үрдісін көрсету, зиянды қалдықтарды тастамау арқылы табиғатқа және адамдардың денсаулығына келтірілген зиянды азайту. Әрбір бастауыш сынып оқушыларына қолданылған батареяларды немесе құрамында пластиктен туратын басқа заттарды мектепке әкелу тапсырмасы берілді.
“Қоғамға қызмет” волонтерлік әлеуметтік жобасы “Өз жүрегіңмен жылыту” қайырымдылық акциясында аға тәлімгер Г. Серикбаеваның ұйымдастырумен ауылымыздың жалғызбасты әжемізге барып, ауласын жинап келді. Әжеміз балаларға көрсеткен көмектері үшін ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.
20 қазан күні “Мен және менің құқығым” тақырыбында мектеп оқушыларымен қашықтықтан дөңгелек үстел өтті.
18 қазан- ұлты мен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні. Сондықтан да бүгінгі мереке бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен гүлдену мерекесі болып табылады. Бұл мерекенің арнайы аталып өтуі елімізде бірлік пен қайырымдылық , жақсылық пен сенімділік, ауызбіршілік пен сыйластық орнату. Осы мақсатта мектеп оқушылармен “Рухани келісім күні- татулықтың бастауы” тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
” Баларлар біріңғай Жас Ұлан” ұйымы біріңғай күндер күнтізбесінің жоспарына сай “Руханият” бағыты бойынша “Мейрім-fest” біріңғай парасаттық күні қарсаңында 8-сынып оқушылармен “Еріктілер пайдасы іспен” акциясына атсалысып белсенділік танытуда.
Облыстық “Family Day” жобасы аясында ” Салауатты өмір салтын сақтаймыз” тақырыбында Маралбек Сания, Мейрамбек Дінмұхамет, Берикбаева Аяру, Жұмабек Зере, Нургалиев Али оқушыларымыз сурет салды.
1 Қазан – Халықаралық қарттар күні. Қазақстанда жыл сайын бұл күн қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне қосқан зор үлестеріне сай сый-құрмет көрсетіледі. Үлкенді сыйлау, құрмет көрсету ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымыз. Құрметті ардагерлер! Сіздерге зор денсаулық, амандық, баянды бақыт, мәнді өмір тілейміз.
Ұстаздар ұлы тұлға. “Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға” деген ұлы Абай атамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізілетін тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Құрметті ұстаздар! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық ізденістер арта берсін деген тілекпен Қазан жалпы орта білім беретін мектебінің студенттері мұғалімдерін құттықтауда.
Тілдер мерекесіне орай сыныптар арасында өткізілген “Қазақ тілі-менің ана тілім” атты сынып сағаты өтті. Мақсаты; оқушыларды ана тілінің қадір қасиетін түсіне білуге тәрбиелеу, халқына деген сүйіспеншілігін тіліне деген құрметін арттыру. Сынып сағатында презентация ұсынылып, сұрақ-жауап түрінде өтті.
Елбасы мақаласынан бастау алған «Туған жер» бағдарламасының мақсаты кіндік қаны тамған жерді, өскен өлкені сүю, оған құрмет танытатын ауылымыздың әр түлегі қай жерде, қандай қызметте жүрсе де, атамекен – алтын бесігін бір сәт те естен шығармай, оған мәңгілік қарыздармын деп есептейтін 1985 жылғы түлектер «Teacher office» кабинетін ашты.
“Отбасы- бақыт мекені” отбасы күніне арналған фотоколлаж. 9 сынып оқушысы Мейрамбек Жания. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі.
“Денсаулық-баға жетпес асыл дүние” әлемді жайлаған індетке байланысты 16.08.2017 № 611 бұйрығы “Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар ” 2020-2021 оқу жылында өзгертілген 28.08.2020 ҚР ДСМ-98/2020 бұйрығын орындау және оқушылардың денсаулығын сақтау мақсатында демеушілер тарапынан “Қазан жалпы орта білім беретін мектеп” ММ 5 кварц шамы сыйға тартылды. Демеушілерімізге алғысымызды білдіреміз.
Елбасы мақаласынан бастау алған «Туған жер» бағдарламасының мақсаты кіндік қаны тамған жерді, өскен өлкені сүю, оған құрмет танытатын ауылымыздың әр түлегі қай жерде, қандай қызметте жүрсе де, атамекен – алтын бесігін бір сәт те естен шығармай, оған мәңгілік қарыздармын деп есептейтін 2000 жылғы түлектер «Домбыра кабинеті» ашты. Туған топырақты қастерлеу – қазақ халқының ата-бабадан жалғасқан салты. «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген дана халқымыз ауылымыздың жанашыр мектебіміздің түлектеріне сайма-сай келеді.
Май ауданының жалпы орта білім беретін мектептеріне шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде білім беру ұйымдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар бойынша
1 қыркүйек Білім күні Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай 11-сыныпта «Конституция-кемелдік кепілі» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Еліміздің Конституция жөнінде түсінікті тереңдету. Жеке адамның құқықтары мен міндеттеріне құрметпен қарау және оларды орынды пайдалана білуге үйрету. Оқушыларды ұлтжандылыққа баулып, құқықтық тәрбие беру.