«Бастауышым -бастамам» бастауыш сынып апталығы

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде 12-17 ақпан аралығында мектебімізде бастауыш сыныптар апталығы болып өтті. Апталыққа мектеп алды даярлық тобы, шағын орталық пен 4-сыныпқа дейінгі барлық сыныптар ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар көрсетіп, белсене қатысты.
Апталық салтанатты жиынмен ашылды.ӘБ жетекшісі Ж. Нажмиденова оқушыларды апталық жоспарымен таныстырды. Бала көзімен «Менің ауылым» атты суреттер байқауы жарияланып өтті.
Гүлдер шағын орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жоспарына сәйкес іс-шаралар өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Балалардың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Шағын орталықта «Рухани жаңғыру – ел дамуының кепілі» атты көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: Тәрбиеленушілер мен ата-аналардың қолөнерін жаңғыртуға өз үлестерін қосу. Көп күттірмей ертеңгілік басталды. «Қазақстан» әні ойнап қолдарына мемлекеттік үлгісіндегі кішкентай жалаушылар ұстаған бүлдіршіндер бар сән-салтанатымен адымдай басып, бөлмеге кірді. «Туған жер», « Қазақстан», «Бейбітшілік», «Ана тілі» туралы жаттаған тақпақтарын жатқа айтып, таңғажайып билерімен тәнті етті.
2-сынып мұғалімі Ж.К.Нажмиденова қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізді. Жаңа жүйе бойынша оқып жатқан 2-сынып оқушылары оқу, жазудағы жетістіктерімен қатар шығармашылық тапсырмаларды да ойдағыдай орындап, топта жұмыс жасай алатындарын көрсетті.
Амиза А өткізген «Танымдылық тартысы» атты сайысқа 3-сынып оқушыларынан құралған «Қыран» және «Тұлпар» командалары белсене қатысты. 5 кезеңнен тұратын сайыста оқушылар әдебиет, қазақ тілі, дүниетану, математика пәндерінен алған білімдерін еске түсіріп, шығармашылық тапсырмаларды орындады.
Мұғалімдер ашық сабақтарында жаңа инновациялық технологиялардың әдіс –тәсілдерін шебер қолдана білді.. Әсіресе бағалаудың ерекше жаңа әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың қабілетіне сай іс –әрекет жасауына жағдай жасалды. Оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі формалары: ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс түрлерін кеңінен пайдаланды. Заман талабына сай ақпараттық технологияны пайдалану мақсатында интерактивті тақтамен өткізген сабақтар жоғары бағаланды.
Амиза А 4 сыныпта Қазақ тілі пәнінен «Етістіктің шақтары » тақырыбында саяхат сабақ өткізді.Сабақ адамның жеті кереметі бағыты бойынша саяхат сабақ болып өтті. Әр бөлімде орындалған тапсырма талапқа сай өте тартымды болды.
Сабақ аралық байланыс , пән аралық байланыс , сергіту сәті , бағалау түрлері жаңартылған бағдарлама негізінде жоғарғы деңгейде құрастырылған.
Оқушылар білім деңгейіне білімдері сай екені байқалды. Себебі өтілген сабақтағы оқушылардың білімінен көрініп тұрды.
Сабақ ынтымақтастық атмосферада басталып, кері байланыс арқылы аяқталды. Топпен, жұппен, жеке жұмыс түрлері әр кезеңде орнымен керектенді.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. Жас жеткіншектерді шығармашылық және танымдылық қабілеттерін арттыру мақсатында 3-4
сыныптар арасында өткізген «Кім тапқыр?» тақырыбындағы интеллектуалды сайыс жоғары дәрежеде өтті.Шонова Г.Қ 1-4 сыныптар арасында ұлттық ойындар және «Көңілді старт» эстафеталық жарысын өткізді. Оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулиды.
Ж. Нажмиденованың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» аясында өнерпаз оқушыларымыз өз туған еліне деген өлеңдерін ортаға салды.
Қорытынды: Бірлестік жетекшісімен пән мұғалімдері өткізген әр сабақтарға тоқталып отырдық. Мұғалімдер өз ойларын ортаға салды. Пікір мен ұсыныстар кеңінен ортаға салынды. Апталық жоспар бойынша жүргізілді. Әрбір өткізілген іс- шара рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өмірмен байланысты өтті. Мектеп әкімшілігі тарапынан апталықтың өтілу барысы жақсы деп бағаланды.
Нәтиже:
1. Мұғалімдер іс-шара өткізу барысында оқытудың заманауи педагогикалық техналогиялар элементтерін және әдістерін қолданды.
2. Мұғалімдердің көбісі өз жұмыстарында заманауи техникалық құралдарды пайдаланды.
3. Оқушылар іс-шараларда өзін-өзі ұйымдастыруда жақсы деңгей көрсетті, мұғалімнің талабын жоғары деңгейде орындады, оқытудың жан-жақты іс-әрекеттерін жеткілікті мөлшерде меңгеру деңгейін көрсетті.
4. Өткізілген іс-шаралар тек оқу ісіндегі білім берудің жақсы деңгейде екенін көрсетпейді, сонымен қатар оқушылармен сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын да жүргізеді.
5. Онкүндіктің жабылуында онкүндікке белсене қатысқан оқушылар мақтау қағаздармен мараптаталды.