«Мен және менің полицейім» атты акция

05.12.2017

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде «Мен және менің полицейім» атты акция өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу. «Сіздің жолаушыңыз-бала!», «Жол көлік оқиғасынан зардап шеккен балаға көмектес!» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді. Сондай – ақ аға тәлімгер Г. Серікбаеваның ұйымдастыруымен бастауыш сыныптарда суреттер байқауы өткізілді. Сонымен қатыр «Жол қауіпсіздік ережелері» атты макеттер сайысы ұйымдастырылды. Барлық оқушылар сайысқа жаппай қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

“Кітапхана – рухани жаңғыру жолында: Оқырман кітап оқы” тақырыбындағы кеңес

04.12.2017

Мектеп кітапханасында мұғалімдердің қатысуымен Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Кітапхана – рухани жаңғыру жолында: Оқырман кітап оқы» атты тақырыбында кеңес өткізілді. Мектеп директоры Г.Сабирова Елбасы мақаласына жан-жақты тоқталып, ұлы мақсатқа қол жеткізудің, яғни жаңғырудың басты 6 құрамдас бөлігін жік-жігімен түсіндірді. Олар: “Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру”, “Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасы, “Туған жер” бағдарламасы, “Қазақстанның қасиетті жерлері” жобасы және алтыншы, “Қазақстандағы 100 жаңа есім” жобасы аясында жастардың мәдени, рухани дамуына іс-шаралар өткізуіміз тиіс деп атап өтті. Әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білікті де білімді маман болып, Елбасы ұсынған рухани жаңғыру идеясын жүзеге асырылуына белсене атсалысуымыз қажеттігін атап өтті.

Зияткерлік сұрақ-жауап ойыны /1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған/

29.11.2017

Мектеп кітапханасында Тұңғыш Президент күніне орай кітапханашының ұйымдастыруымен зияткерлік сұрақ-жауап ойыны өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Зияткерлік сұрақ-жауап ойыны кіріспе сөзбен басталып, тақырып түсіндірілді. Оқушылар Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолымен танысып, өздері білетін мәліметтерімен бөлісті. Елбасымызың еңбектерімен, туып – өскен жерімен, оқыған мектебі жайлы презентация көріп, кітаптармен танысты.
«1 – желтоқсан Президент күні» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды.
Қорытындылау барысында оқушылардың пікірлерін тыңдап, кітапханашы сөзімен аяқталды.

2-4 сыныптарда жаппай «Жасыл-яғни үнемді» атты сынып сағаттары өтілді.

28.11.2017

Қазан жалпы орта білім беретін мектепте 2-4 сыныптарда жаппай «Жасыл-яғни үнемді» атты сынып сағаттары өтілді. Оның мақсаты оқушы бойында экологиялық мәдениет пен табиғи ресурстарды тиімді пайдалана білу ұғымын қалыптастыру, қазіргі кезде өзекті болып отырған қоршаған ортаның ластануы мен табиғи ресурстардың сарқылуы мәселесіне оқушылар назарын аудару. Мұғалімдер табиғаттағы су қорын,оның түрлерін түрлі зерттеулер арқылы оқушыларға көрсете отырып, оны үнемдеудің қажеттілігін түсіндіріп өтті. Тақырыпқа сай бейнелер көре отырып, оқушылар энергия өндірудің табиғи жолдары, қоқысты қайта өңдеу ұғымдарымен танысып, оның пайдалы жақтарын талдады. Топтаса отырып,
-ауызсу мен электр қуатын ұқыпты және тиімді пайдалану;
-қатты тұрмыстық қалдықтарды ұтымды жою және оларды қайта пайдалану мүмкіндігі;
-атмосфераға зиянды қалдықтардың тасталуын азайту және қоршаған ортаны сақтау үшін жасыл технологияларды пайдалану сияқты тақырыптар бойынша өз ойларын ортаға салды.
Қорытындысында балалар табиғи ресурстарды қалай үнемдеу керектігі туралы.
Ө

з ойларын жасыл жапырақтарға жазып,ағашқа жапсырды. Бұл жұмыс оларға табиғи ресурсатрды үнемдеудің жадынамасы болмақ.

“Жол қауіпсіздігін сақтайық!” суреттер көрмесі

27.11.2017

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде аға тәлімгер Г.Серикбаеваның ұйымдастыруымен “Жол қауіпсіздігін сақтайық!” суреттер көрмесі өтті. Суреттер көрмесіне бастауыш және орта буын оқушылары қатысып, үзік деп танылған суреттер мақтау қағазымен марапатталды.

Республикалық ғылыми тәжірибелік конференциясындан ІІ дәрежелі диплом

24.11.2017

2017 жылдың қараша айының 23-24 күндері аралығында Жезқазған қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында О.А.Байқоңыров атындағы «Адам капиталы елдің жаңашыл дамуының негізгі факторы ретінде» республикалық ғылыми тәжірибелік конференциясында Қазан жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Теміржанова Гүлдана Қазболатқызы қатысып, «Ыбырай Алтынсариннің «Өнер білім бар жұрттар» өлеңіндегі қазіргі қазақ мәдениеті» атты мақаласы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Мұғалімге шығармашылық табыс, тек биік шыңдардан көріне берінуіне тілектеспіз.

Жайдарман – 2017

18.11.2017

Май аудандық Ішкі саясат бөлімінің және “Армандастар” жастар орталығының ұйымдастыруымен өткен “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасының Рәміздерінің 25 жылдығына орай аудандық “Жайдарман” күзгі фестивалі өтті. Ойын “Сәлемдесу”, “Ширату” және “Үй тапсырмасы” бөлімдерінен тұрды. Қазан жалпы орта білім беретін мектебінің “Шалдың балалары” командасы 3-ші орын және “Ең үздік стиль” номинациясына ие болды.

«Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге» атты тәрбие сағаты

13.11.2017

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп кітапханашысы Айжан Жолдасбекқызының ұйымдастыруымен «Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге» атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Ұлттық валюта туралы мәлімет беру, төл ақшамыздың маңызын ұғындыру.
Тәрбие сағаты кіріспе сөзбен басталып, тақырып түсіндірілді. Келесі кезеңде теңге, ұлттық валюта түсініктерімен жұмыс жасады. Тарихи басқатырғыш, ақпараттық қағазды толтыру сияқты тапсырмалар орындап, теңге тарихымен танысты. Кітапханада ұлттық валюта күніне көрме ұйымдастырылды. Қорытындылау барысында оқушылардың пікірлерін тыңдап, кітапханашы сөзімен аяқталды.

XXVII оқушылар спартакиада бағдарламасы

13.11.2017

Аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен “XXVII оқушылар спартакиада бағдарламасы” бойынша волейбол жарысында “Қазан” ұлдар құрама командасы және қыздар құрама командасы II орынға ие болды.

“Жайдарман – 2017”- ойындарының күзгі фестивалі

10.11.2017

Май ауандық Ішкі саясат бөлімінің және “Арманастар” жастар орталығының ұйымастыруымен өткен “Рухани Жаңғыру” бағарламасы аясында және Қазақстан Республикасы Рәміздерінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған”Жайдарман” күзгі фестивалі ойыны ұйымастырылды. 9 қараша күні Жұмыскер ауылының мәдениет үйінде өткізіліп, Қазан жалпы орта білім беретін мектебінің “Шалдың балалары” командасы қатысып, финалға жолдама алды.

Мектеп мақтаныштары

07.11.2017

Қазан жалпы орта білім беретін метебінің волейбол командасы “Күзгі демалысына арналған 2000 ж.т.және одан кіші жастағы жасөспірімдер арасында волейболдан Май ауданының БЖСМ-ің ашық біріншілігіне” қатысып I- орынға ие болды.

СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕР МЕН МҰҒАЛІМДЕРГЕ ҰСЫНЫСТАР

07.11.2017

Сынып жетекшілер мен мұғалімдерге ұсыныстар:
Тапсырманың қиындығын обьективті және субьективті бағалауға үйрету;
Берілген тапсырманы қорытындылап, нәтижесін шығарған соң, балаға нақты бағасын қою (асырмай, түсірмей);
Тест бойынша «спиральді қозғалыс» әдісіне үйрету;
Оқушыға өз-өзің ұстай білудің өзі өнер екендігін ұғындыру;
Оқушының қабілетіне сай тапсырмалар бере отырып, баланың психикасын тұрақтандыру;
Оқушының маужыраңқы күйден арылуға, тез жинақталуға, өзіне деген сенімділігін арттыру;
Оқушылардың организмі сақтандыру шегіне сүйенеді, нерв жұқару жүйесінің болдырмауына, басты жұмсалған шығынды өнім энергиясына, өзімен күресуді, өз еңбегімен, өз мінез-құлығымен, өзінің жағдайымен күресуге үйрету;
Уақытты үнемдеп, тез ойлауға, шапшаңдылыққа үйрету;
Танымдық процестерін (ойлау, есте сақтау, зейін қою қабілеттері) дамыту;
Оқушылардың пәндерге деген қызығушылықтарын ояту;
Оқу мотивациясын арттыру;
Оқушыға қандай да шағын (кішкентай) жаңалық ашуына мүмкіндік беріңіз;
Есіңізде болсың!Бала- толығымен кемшіліктерден, денқойлықтардан және жолы болмаушылықтарынан тұрмайды.
Үздік немесе үлгермейтін, шапшаң немесе баяу, жеңіл немесе ауыр мінезді кез-келген бала өзіне тән сүйіспеншілікке, сыйластыққа және бағалауға лайық.
Барлық жоғары талапты мақтаудан бастаған жөн.
Эмоционалдық жағдайы қаншалықты жоғары деңгейде болса оқуда соншалықты мүмкіндігі мен табысқа жетеді.
Әлеуметтік педагог Ж.Ж.Касыбаева

Ата-аналар үшін жадынама

07.11.2017

Ата-аналар үшін жадынама

1. Ертең балаңыз ұйқыдан оянғанда оған: «Қайырлы таң!» деңіз де жауап күтпеңіз. Жаңа күнді ұрыс-айқайсыз, көңілді бастаңыз.
2. Балаңызға ұрысқан кезде «Сен әрқашан», «Сен ылғи», «Сен мәңгілік» деген сөздерді айтпауға тырыс. Сіздің балаңыз әрқашан, ылғи, мәңгі жақсы, бүгін ғана кемшілік жіберді. Осы туралы оған айт.
3. Баламен ұрысып айырылыспаңыз. Міндетті түрде татуласыңыз, содан кейін ғана өз жұмыстарыңызға кетіңіз
4. Бала мектептен келгенде одан: «Сені тақтаға шығарды ма? Қандай баға алдың?» деп сұрайды. « Мектепте бүгін қандай қызық болды?- деп сұраған дұрыс.
5. Бала отбасы тұратын үйге келуге асығыс болуы керек. Сондықтан үйге келгенде әрқашан: «Біздің үйіміз бәрінен де жақсы ғой» -деп айтыңыз.
6. Егер балаңызға: «Өтірік айтпа, соқпа» дегіңіз келсе, езу тартып күлмдеңізде: «Біреу өтірік айтып тұр»-деңіз.
7. Балаңызға психологиялық денсаулықтың ескі қағидасы: «Сен жақсысың, бірақ басқадан артық емессің» дегенді жаттатқыз.
8. Балаға айтыңыз: «Сәнді болма – сыныпта сәнқойларды жақсы көрмейді. Лас болма – оларды да жақсы көрмейді. Тек ұқыпты, жиңақы бол».
9. Біз ересектер түнде демаламыз, ал бала жұмыс істейді, ол өседі. Таңертең ол тұрғанда оны тамақтандыр.
10.Бала далаға кетерде оны есікке дейін шығарып сал да: «Асықпа, сақ бол!»- деуді бала үйден неше рет шықса, сонша рет қайтала.
11. Бала үйге оралғанда оны әрқашан есік алдында қарсы ал. Бала оның үйге келуіне қуанатынын білуі керек, тіпті кейде кінәлі болып қалса да.
12. Сіз балаңыз туралы бәрән білуге міндетті болсаңыз да ешқашанда баланың портфелін, қалтасын қарамаңыз.
13. Қанша шаршасаңыз да балаңызға шаршағаныңызды білдірмеуге тырысыңыз. Наразылық білдірсеңіз, балаңызды да наразылыққа үйретін, аяныш білдіруден айырасыз. Бала өзін аяғаннан гөрі басқа адамды, туған-туыстарын аяюды үйренген жөн.
14. Ұлыңыз немесе қызыңызбен бәсекелескенде олардың да көңіліне қараңыз. Сіздікі әрқашанда дұрыс, ал олардікі ылғи бұрыс болып жүрмесін. Балалар өздерінің кінәсін мойындап, кемшіліктерін түсінуге үйренеді.

Мектеп әлеуметтік педагогы Ж.Ж.Касыбаева

Мектеп кітапханасындағы көрме

02.11.2017

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау, Қазақстанның жетістіктері туралы білімдерін тереңдету, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

“Ақжар өндіріс” ЖШС консерві цехына саяхат

02.11.2017

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде күзгі демалыс кезінде аудандық концерв цехына саяхатқа барып қайтты.
Концерв цехына барып, қалай жасалу жолдарымен танысып, көріп қайтты. Оқушылар өздеріне қажетті көптеген мәліметтер алды.

“Лабиринт арқылы өткізіп көр!” психологиялық ойын

01.11.2017

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде педагог – психолог М. А. Магнұрова күзгі демалыс кезінде мектеп оқушыларымен “Лабиринт арқылы өткізіп көр!” психологиялық ойынын өткізді. Мақсаты:топ арасындағы ұйымшылдық пен бірлікті нығайту. Ойынға оқушылар қызығушылықпен қатысты.