Сары күз алтындай – алтын«»

15.10.2016

14 қазан  күні мектепте іс- шаралар жоспарында «Сары алтындай – алтын күз»  атты  мерекелік іс- шара аталып өтті. Бастауыш  сыныптар және орта , жоғары сыныптар арасында.Мерекелік іс- шара  өте қызықты  өтті.  Әрбір сынып таныстыру күзгі сән,  қол өнерімен және күзгі көріністерден көз татарлық  көрме жасады. Ең қызықтысы әр сынып өздерінің өнерлерімен қуантты. Көрермендермен әділ –қазылардың көнілінен шықты.  Оқушылырдың белсенділіктері, қызығушылықтары өте жоғары  сатыдан көрінді.

20161014_172802 img_20130712_174431

«Қарттарым – асыл қазынам»

05.10.2016

Үлкенді сыйлау, оларға кұрмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз.   «Қарттары бар ел- қазынасы бар ел» деген сөз бар халқымызда. Қазанның 5- ші жұлдызында Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» атты кеші өткізілді.

Мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата-бабаларын ұмытпай және салт- дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Бірнеше жылдан бері дәстүрге айналған мерекелік кешке  ауылымыздың аялаулы да ардақты қарттары шақырылды. Мектеп асханасында дастархан жайылып, ас берілді. Мереке куәгерлеріміздің көңілдерін көрсету мақсатында мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, әкімшілік тарапынан құттықтау сөздер айтылды. Кеш барысында ата-әжелеріміз оқушылардың дайындаған сұрақтары мен ойындарына қатысып, өмірлеріндегі қызықты оқиғаларымен бөлісті.

img-20161018-wa0002 img-20161018-wa0006

Жиналған кауымның алдында ауыл әкімі Беккожин Берік Жанатұлы мен ауылымыздың құрметті азаматы Кулетов Мейрамғали Қабиденұлы сөз сөйлеп, өз тілектерін білдірді. Өмір қартайса да, көңіл қартаймайды дегендей, ата-әжелеріміз мерекелік шараға жақсы көңілмен қатысып, бір-бірлерін құттықтады. Жиналған қауымның алдында кішкентай бүлдіршіндер мен жаңа ғана мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып оқушылары «Беташар» салт-дәстүрін көрсете білді.

Келе жатқан жас ұрпаққа да ардақты қарттарымыз өз рахметтерін айтып, жылы лебіздерін білдірді.

«Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер» демекші, мерекелік концерт соңында атамыз оқушыларға бата берді. Барлық ата-әжелерімізге сыйлықтар табысталды.

«Қарттары бар елдің, қазынасы бар» дегендей, осы алтын қазыналарымызды құрметтей, қадірлей білейік ,жас қауым!

Құрметті ҰСТАЗДАР қауымы мерекелеріңізбен

01.10.2016

Ұстазсыз жанда сөнбек күн,

Шәкіртсіз өмір –сусыз жер.

Көрінбес  ғажап еңбектің

Бейнетін кешіп жүрсіздер.

Жүректе тұрар жалқы  үнің ,

Жанымнан жаныл жігер күт.

Ұстазым, сенің әр күнің,

Әр сәтің тұрған бір ерлік !

“Қарттарға қамқорлық”

30.09.2016

1 қазан қарттар күніне орай мектеп оқушылары ауылымыздың ардақты апа-әжелерімізге қамқорлық таныта отырып, үйлеріне барды. Олар қарттарымыздың аулаларын жинастырып, тазалық жұмыстарын жүргізіп қайтты. Оқушылардың қамқорлықтарына ата-әжелеріміз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

20150413_160320 20161004_163942

Ұстаз – мәңгі нұрдың қызметшісі

28.09.2016

Мұғалім-ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың.

Өмірде сенің алар орныңды,

Бәрі де жеткізе алмас бағалардың.

Өткізіп өз алдыңнан талай бала,

Бойыңа құйдың ақыл, ой мен сана.

Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,

Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға.

Ұстаз- шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.

Осындай қасиеттерге ие, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, дана ойдың ыстық лебі  бар, аға ұрпақ өкілі  Омаров Балғабек Сатыбалдыұлы.

Балғабек Сатыбалдыұлы Омаров Қазан орта мектебінде тыным таппай 23 жыл оқушыларды химия-биология пәнінің  қыр, сырымен сусындатты.

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға –  деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған Балғабек Сатыбалдыұлының еңбегінің жемісі, оқушылары:  Жангожина Динара ПМПИ (химия-биология мұғалімі), Альпаева Индира Семей қаласы медициналық академиясы (педиатр), Баймукашева Назира Астана қаласы мед. академ. (терапевт), Михайленко Надежда ПМПИ – эколог,  Нажмиденова Аяулым  Семей қаласы медициналық академия түлегі және т.б көптеген түлектер химия-биология пәнінің мұғалімдері.

Күллі өмірін жеткіншекке арнаған, қысы-жазы мектептен  шықпаған Ұстаз – Омаров Балғабек Сатыбалдыұлын ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Шәкірттерінің алдында алыптай биік, балаларға берген білімінен бақыт тауып, еңбегінің жемісін көре беріңіз.

 

 

 

Ұстаздық ету- ұлы іс

28.09.2016

Ұстаз аты шәкіртімен бағалы,

Егер ұстаз болса шебер, саналы.

Білім нәрін тегін әркез ерінбей,

Еңбек етсе ізденумен сапалы.

Ұстаз жолы қиын да, абыройлы жол. Білім беру үдерісінде ұстаз басты әрі шешуші тұлға болып саналады. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп, ойшыл даналар айтқандай, мектептің тәлім-тәрбиесін, өз бойындағы білімін оқушылар бойына сіңіре білген ұстаз.

Қазақ елінің болашағы – бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, адам бойындағы адамдық қасиеттерді, шәкірт тәрбиелеуге жұмсайтын ұстаз – Кисамиденова Назигүл Қасқырбайқызы.

28 жыл  Қазан жалпы орта білім беретін мектебінің директоры болып қызмет етіп, өз ұжымына және келешек ұрпаққа үлгілі тәлім-тәрбие берген, ардагер ұстазымыздың бірі.

Іскерлік жұмыс, тәлімгерлік тәжірибесімен бөлісе отырып, ұстаздық шеберліктерін үлгі еткен. Ұстаз ұлағатты әр оқушының жүрегінде сақталып, шәкірт көңілінде ерекше құрметті адам болып қала бермек.

Ұстазымның тәрбиесін алған шәкірті болғанына мақтан етемін.

Жаңа форматты курс өткен мұғалімдер апталығы

26.09.2016

19-24 қыркүйек аралығында Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде деңгейлік курс өткен мұғалімдерінің бірінші апталығы өткізілді. Мектепте сертификатталған мұғалімдердің атқарылатын жұмыс жоспары жасалынып, бекітілген. Соның бірі ай сайын ашық сабақтар апталығын өткізіп, әріптестерімен іс-тәжірибе алмасу. Жалпы мектепте 7 сертификатталған мұғалім жұмыс істейді. Оның ішінде бір мұғалім деңгейлік бағдарламалар аясында бірінші деңгей аяқтаған 1 мұғалім, үшінші деңгей бағдарламасын аяқтаған 6 мұғалім.

Апталық барысында тарих, бастауыш сынып, география, сызу, ағылшын тілі, орыс тілі пәндері бойынша ашық сабақтар берілді. Мұғалімер жеті модульді  өз сабақтарында қолданудың тиімділігін көрсете отырып, Блум таксономиясы бойынша құрылған сабақ жоспарларының әр кезеңінде қандай  инновациялық технологияларды қолдануға болатынын  көрсетті.

20160922_083742 20160923_092637

20160926_103104

«Денсаулық күні»

17.09.2016

Қазан жалпы орта білім беретін мектеп бойынша  17 қыркүйек «Денсаулық күні» өткізілді.

Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, оқушыларды дене шынықтыру және спортқа қызығушылықтарын арттыру.

Денсаулық күнінде мектеп оқушылары мен мұғалімдер, ата-аналардың  қатысуымен  табиғат аясында топсаяхатқа барылды.  Табиғат аясында түрлі спорттық іс-шаралара жоспарланып , ұйымдастырылды.

Дене шынықтыру пәнінің  жас  маманы Ж.Қинаят бастауыш, орта, жоғары сынып оқушыларымен түрлі топтық ойындар өткізе отырып, сайыстардың жеңімпаздарын марапаттады.

20160917_12100320160917_121052

Тілге құрмет-елге құрмет

15.09.2016

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Темірғалиева Тілдер айлығы барысында жоспарға аясында «Тілге құрмет-елге құрмет» мәнерлеп оқу сайсын өткізді. Сайыстың мақсаты мемлекеттік тілдің  мәртебесін көтеруге үлес қосу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, Мемлекеттік тілді қадірлей білуге , өз Отанының адал азаматы болып өсуге тәрбиелеу болды. Сайыс өткізілген зал Отан, Тіл, туған жер туралы ұлағатты сөздермен, шарлармен безендірілді. 9-шы сынып оқушылары сайысты өткізуге мұғалімге көмек берді. Сайысқа барлық сыныптар белсене қатысты. Әсіресе, 5-ші, 6-ші сынып оқушылары алдыңғы қатардан көрінді.  Әділ – қазылар әділ шешім шығарды. Жеңімпаздар сыйлықтарға ие болды.

Барысы: Сайыс үш бөлімнен тұрды. Әр бөлім бағаланып, сайыс жеңімпаздары марапатталды.

Ана тілім – ардағым

13.09.2016

 Мақсаты:  оқушыларға әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт –дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі, оқушылардың ой өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту.

 

Мектеп бойынша 1-30 қыркүйек аралығында «Тілдер айлығы» шеңберінде іс-шаралар жсопары бекітілді. Аға тәлімгер Г.Серікбаева «Жас қыран», «Жас ұлан» оқушылар ұйымымен «Ана тілім-ардағым» тақырыбында сайыс өткізді. Сайыстың  барысы «Тіл халықтың рухы» атты композициясымен ашылды. Ашылу рәсімі салтанатты түрде өтті.  5-7 сыныптар оқушыларына тілдер тақырыбында ашылу салтанатына арналған өлеңдер таратылды, оқушылар өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтты. Сайыс 3 кезеңнен тұрды оқушылар топтары анықталып, сайыстың әр кезеңіне белсене қатысты. 1 кезең «Полиглот», 2 кезең «Бәйге», 3 кезең «Мақал-мәтелдер». Әр кезеңнің жеңімпаздары анықталып, сайыс соңында марапатталды.

img_20160914_164103

«Бірінші сынып оқушыларының ата – аналарына психологиялық көмек» 21 ғасыр ата – аналарының «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы Республикалық ата – аналар конференциясы

10.09.2016

Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт лидері Назарбаев Н.Ә өз сөзінде: «Өскелең қазақстандықтардың позитивті жасампаз дүниетанымға, жауапкершілік сезіміне, мықты адами қасиетке ие, саналы таңдау жасап, дербес шешім қабылдай алатын,  Отанның игілігін ойлайтын жан-жақты тұлға ретінде тәрбиеленген азаматтар болуы қажет» деп , бірнеше рет атап айтқан болатын.

Бұл міндеттің ойдағыдай шешімі табылуы үшін мектеп пен отбасы арасындағы өзара сыйластық пен сенімнің негізінде 10 қыркүйек күні Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде мұғалімдер мен бірінші сынып ата – аналарына 21 ғасыр ата – аналарының «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы Республикалық ата – аналар конференциясын педагог – психолог Магнұрова М. А өткізді.

Конференция барысында мектеп директоры Сабирова Г.Ж ҚР Білім және ғылым министрі Сағадиев Е.К Республикалық ата – аналар конференциясының қатысушыларына құттықтау сөзін жолдады.

«Неліктен балада қиындықтар туындауы мүмкін?», «Ата – аналарға кеңестер», «Бірінші сынып оқушысы ата – аналарының « Үш «Б» заңы », «Қазақстан Республикасының орта білім беру реформасының аясында білім берудің артықшылығы»  атты сұрақтары талқыланып, тақырыптық видеороликтар көрсетілді. Ата – аналар «Сөздер» жаттығуын орындап, тілектер жазылған жүрекшелерді сыйға алып, өздерін толғандыратын сұрақтарын қойды.

Конференция соңында  ата – аналар өз ризашылықтарын білдіріп, жас маманға табыс тіледі.

20160910_111026 20160910_102540

 

«Толағай»

09.09.2016

Қазан жалпы орта білім беретін мектеп бойынша   5-11 қыркүйек аралығында «Отбасы-бақыт мекені» атты республикалық апта шеңберінде  «Отбасы апталығы» жоспарланып жүргізілді. Соның негізінде дене шынықтыру пәнінің жас маманы Ж.Қинаят отбасымен  «Толағай» спорттық сайысын өткізді.

Сайысқа 4 отбасы қатысты:

1 – топ: «Шаңырақ», 2 – топ: «Босаға», 3 – топ: «Алтын бесік», 4-топ: «Достық».

Сайыстың бағдарламасы 9 кезеңнен тұрды: 1- кезең: «Теңбілдоп», 2 – кезең: «Қақпашы», 3 – кезең: «Тасымақ», 4 – кезең: «Жеміс жидек жинау», 5 – кезең: «Шығыршықпен бір – бірін тасымалдау», 6 – кезең: «Кім көп секіреді?», 7 – кезең: «Білімді кенгуру», 8 – кезең: «Эмоцияны немесе іс – әрекетті қайтала», 9 – кезең «Жеңіске жету».

Әр кезең алдында топтар ойынның мақсатымен таныстырылды, мысалдар көрсетілді. Әр кезең оқушылардың және ата-ананың ыңғайына сай ұйымдастырылып, өткізілді. Кезеңдер арасында көңіл-күйді көтеру мақсатында 7-8-сынып оқушылары би биледі. Іс-шара өткізілгенде, кезеңдерінің бірізділігі сақталды. Әр кезең әділқазы алқаларымен бағаланып, соңында «Достық» тобы – 1 орынға ие болды, «Алтын бесік»- 2 орын, «Шаңырақ» тобы – 3 орынға ие болды. «Босаға» тобы «Ең шымыр отбасы» номинациясымен марапатталды.

img-20160916-wa0020

Жүрек – адам ағзасының басты мүшесі

09.09.2016

Мақсаты: адам өміріндегі жүректің рөлі, оның маңызы жөнінде түсінік беру.

 

28 қыркүйек күні Қазан жалпы орта білім беретін мектеп бойынша жүрек ауруының алдын алу және жүрек –ол қан айналымын  реттейтін басты мүше, сондай – ақ жүрек бұлшықеттерді дамытып, жақсы  жиырылуына көмектесетіні туралы оқушыларға арналған іс-шаралардың жоспары бекітіліп, жүргізілді.

Мектеп медбибісі Далабаева Гүлзапран «Жүрек» жайлы бастауыш сынып оқушыларына сынып сағатын өткізіп, орта және жоғарғы сынып оқушыларына жатжазу жазғызды.

Жүрек ауырмауы үшін және дұрыс жұмыс істеуі үшін оны шынықтыру қажет деген мақсатпен дене шынықтыру мұғалімі Ж.Қинаят  «Толағай»  спорттық отбасылар жарысын өткізді.

Салауатты өмір салтын қолдау және насихаттауға арналған іс-шаралар жоспар негізінде жалғасын табуда.

«Отбасы-өмір тірегі»

06.09.2016

Қазан жалпы орта білім беретін мектеп бойынша   5-11 қыркүйек аралығында «Отбасы-бақыт мекені» атты республикалық апта шеңберінде  «Отбасы апталығы» жоспарланып жүргізілді. Соның негізінде  өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі С.Байбакирова  ата-аналармен   «Отбасы-өмір тірегі» тақырыбында кездесу өткізді.

Мақсаты: отбасы-өмірдің тірегі, негізі екенін оқушылардың санасына ұялату.

Барысы: Отбасы тәрбиесі тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Бейнероликтың мәні мен маңызы талқыланып, ата-анамен, оқушылардың пікірі тыңдалды. Келесі кезекте отбасы, ата-ана туралы мақал-мәтелдер, ата-аналар өзара ұжымдаса отырып салған тірек сызбалар көпшілікке түсіндірілді. Отбасының маңызы мен бақыты неден тұрады деген жауап шаңырақ бойына жинақталды

.20160915_170309

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы

20.08.2016

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясының мақсаты – оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылына дайындық кезінде ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу болып табылады.

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу мақсатында мектеп бойынша комиссия құрылды. Тамыз айынан бастап мектеп әкімшілігі мен ауыл әкімшілігі бірігіп рейд өткізді. Рейдтің нәтижесінде мектепке барудан бас тартқан немесе оқудан бас тартқан, қараусыз қалған балалар анықталмады, бірақ «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы негізінде мектепке қажетті заттарды алуға байланысты 19 оқушыға көмек көрсетілу жоспарланды.

Атқарылған жұмыстардың негізінде: Қазан селолық округінің әкімі Б.Бекқожин- Жанат Мөлдірге (қысқы аяқ киім 10,000 теңге), Қазан селолық округінің әкімшілік ұжымы –  Жанат Жайнаға (қысқы аяқ киім 10,000 теңге), Май ауданы «Айгөлек» балабақшасының ұжымы – Трибус Дарынға (сумка, кеңсе тауарлары 10,000 теңге), «Теміржан» ЖШҚ басшысы Темиржанов Назымбек – Кабиев Мерейге (туфли 8,000 теңге),  Май ауданы «Ақбота» балабақшасы – Шабанбай Нұрсолтанға (туфли, кеңсе тауары 10,000 теңге), Қазан селолық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Кулетов М.Қ – Амангелді Нұрғатқа (туфли 8,000 теңге), Май ауданы «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі Жамалиденова А.Қ. – Амангелді Аманбекке (спорт киімі 10,000 теңге), Май ауданы АҚ «ҚазТелеКом» – Шабанбаева Айсанаға (сумка, кеңсе тауарлары 10,000 теңге), ауыл депутаты Сулейменов Т.Қ – Ерданова Валерияға (туфли 8000 теңге), мәдениет үйінің ұжымы Озеруга Любовьқа (туфли 8000 теңге), Шабанбаев Айзатқа Май ауданы АҚ «Қазпочта» (туфли 8000 теңге) және Май ауданы Қазынашылық бөлімінің ұжымы (сумка, кеңсе тауары 10,000 теңге), сонымен қатар оқушыларды мектеп формасымен қамтамасыз ету мақсатында Жанат Мөлдірге жалпы сомасы 18,000 теңгеге ЖК «Аружан» тігін фирмасы және Жанат Жайнаға 16,000 теңгеге Павлодар облысы «Экспресс Строй Экспо» фирмасы көмек көрсетті. Жалпы көмекті қажет ететін 11 оқушыға, сомасы 144, 000 теңгеге көмек көрсетілді.

Жалпыға міндетті білім беру қорынан күнкөріс деңгейі төмен отбасынан 8 оқушыға (1 оқушыға 17,000 теңге) жалпы сомасы  136,000 теңге ата-аналардың есепшоттарына аударылды.

sam_0622

Оқушылардың ойлау қабілеті мен тілін қалыптастыруда пән апталықтарының маңыздылығы

30.04.2015

Оқушылардың ойлау қабілеті мен тілін қалыптастыруда
 пән апталықтарының маңыздылығы
   
       Тәуелсіздік пен тіл…Осы бір қасиетті ұғымдарды егіз қозыдай қатар атау олардың адам өмірінде алатын орнын айшықтайды, яғни тілсіз тәуелсіздіктің, тәуелсіздіксіз тілдің ғұмырының баянды болуы мүмкін емес.
      Егеменді еліміздің ертеңі жарқын болуының шарты – тілге құрмет көрсету.
          Гуманитарлық бірлестікте 8 мұғалім, барлығы жоғары білімді. Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші, үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курстарын 2 мұғалім ( Г.Қ.Кисамиденова мен Д.Қ. Какежанова) аяқтады.


      Оқушылардың ойлау қабілеті мен тілін қалыптастыруда  пән апталықтарының маңыздылығы зор, Білім жүйесіндегі тілдерді қолдану мен дамыту мақсатында жыл сайын ақпан айында Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, орыс тілі мен орыс әдебиеті және ағылшын тілдерінің апталығын өткізу дәстүрге айналды.
 Апталық барысында мұғалімдер  ашық сабақтар мен әр түрлі  іс – шаралар ұйымдастырды. 7-сыныпта  қазақ тілінен «Ашық рай»,  5-сыныпта қазақ әдебиетінен Ғ.Мүсрепов «Жаңа достар», ағылшын тілінен 11-сыныпта  «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», 5-сыныпта  «Жануарлар әлемі», орыс тілінен 7-сыныпта «Провописание наречий» атты ашық сабақтар өткізілді. Алға қойған мақсатты жүзеге асыру жолында сан қилы тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сабақтарының сапасын арттыруға көңіл бөлінді. Әр ұстаз өз пәніне сүйіспеншілікпен қарап, ақпараттық, сын тұрғысынан ойлау, сатылай кешенді талдау, жеті модуль арқылы іске асты.
       «Сабақ – оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы» деп А.Сухомолинский айтқандай, мұғалімдер жаңа тәсілдер арқылы оқытуда білімді дайын күйінде бермей, топпен  жұмыс барысында оқушылар өз бетінше түсінігін айта отырып, өзінің тіл байлығы мен білімін көтерді.


      Сонымен қатар, ағылшын тілінен  «Тіл білгірі», қазақ тілінен «Тапқыр достар», орыс тілінен «В мире сказок» сайыстар,  қазақ әдебиетінен «Бүгін менің туған күнім» М.Мақатаевқа арналған поэзия кеші өтті.
 М. Мақатаевтың өлеңдері оқылды, шығармаларынан үзінділер көрсетілді. Поэзия кешіне оқушылар белсене қатыса отырып, қызығушылық танытты,  бірақ сахналық көріністе дикцияға көңіл бөлу қажетілігі анықталды.
    Соңында әділқазылар алқасы марапаттау қағаздары мен  сыйлықтар берді.
    Апталықта жоспарлаған барлық іс-шаралар, ашық сабақтар уақытында өткізілді. Алдағы уақытта мұғалім – оқушы үшін тек ұстаз ғана емес, сенімді күші, досы болуға тиіс, оқушыны шығармашылықпен айналысуына сабақтан тыс жұмыстарда, сабақ үстінде  қолайлы жағдай жасау – біздің алға қойған міндет. Сондықтан бұл іс – шаралар алдын – ала мұқият дайындалуын, көп ізденуді қажет етеді.
      «Ұстаздың биігі, ойлана қарасаң, биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң – қарсы алдында, айналсаң – артында тұрғандай» деп Соқрат айтқандай, егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжуға ат салысайық.

Гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі:        Ж.А. Темірғалиева