Қазан жалпы орта білім беретін мектебі бойынша оқушылардың жетістіктері

30.04.2015

Аудандық «Тіл – барлық білімнің кілті» байқауының жеңімпазы – 10-сынып оқушысы Сулейменова Тоғжан – І орын.

 

 

Сарғайса да жеңістің ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады

29.04.2015

   ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет қайсы десек, ол-Екінші Дүниежүзілік соғыс еді. Себебі оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 110 миллион адам қолына қару алды. Сол кездегі КСРО үшін бұл Ұлы Отан соғысы болды. Осы ел бақайшағына дейін қаруланған фашистік Германияны тізе бүктіріп, тек өздерін ғана емес, бүкіл әлемді құлдық бұғауынан құтқарып қалды.

   Ел басына қиын-қыстау күн туған сол отты жылдарға көз жіберсек, халқымыздың мәңгі ұмытылмас оқиғаларға толы қаһармандығы көз алдымызға елестейді. 1418 күнге созылған сұрапыл соғыста мұз жастанып қар төсенсе де батырлық көрсетуден таймаған ержүрек жауынгерлер қаншама?

(толығырақ…)

Желбіре, Жеңіс жалауы !

29.04.2015

Желбіре, Жеңіс жалауы !

Сәуір айының 20-сыншы жұлдызында музыка пәні мұғалімі Ережепова А.Е 5-10 сыныптар аралығында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Желбіре, Жеңіс жалауы !» атты патриотттық әндер кеші өткізілді. Кешке барлығы 26 оқушы,әр сыныптың сынып жетекшілері, тарих пәнінің мұғалімі Асанова Н.С және тәрбие ісінің меңгерушілері Теміржанова Г.К, Байбакирова С.Ж қатысты.

(толығырақ…)

Білімді ұрпақтың келешегі – жастарда

29.04.2015

Білімді ұрпақтың келешегі – жастарда

Қазіргі заман талабына сай мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі және міндетті түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы керек.

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде 6 сәуір мен 11 сәуір аралығында біліктілігі мен білімі сай жас мамандар апталығы өткізілді. Апталық жоспар бойынша бекітілген ашық сабақтар мен іс-шаралармен жалғастырылды.

Жас мамандар апталығының мақсаты: өздерінің жыл бойы жинаған педагогикалық шеберліктерін сараптау, сонымен қатар тәжірибе алмаса отырып, жинақтау.

Ахмет Байтұрсыновтың «Ең әуелі мектепке керегі-білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім» демекші мұғалімдердің жас ұрпаққа білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдермен қаншалықты қаруланғанын бағалау ол ашық сабақ беру сапасынан анықталады. Даярлық пәнінің мұғалімі С.Кайдарова математика пәнінен «Тура және кері санау» сабағында ТРИЗ технологиясын қолданса, физика пәнінің мұғалімі А.Е.Ережепова 7-сынып оқушыларымен «Энергия. Энергия түрлері. Энергияның сақталу және айналу заңы» және тарих пәнінің мұғалімі Н.Асанова «Тәуке ханның билік құруы және оның заңдары» сабақтарында Кембридж оқуларындағы жеті модульді пайдаланды. Орыс ғалымы Л.В.Зенков: «Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану-білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы», – деп атап көрсеткеніндей, күн сайын, тіпті сағат сайын артып, өзгеріп отырған әлемдік ақпаратқа ілесу, ондағы жаңашыл әдіс-тәсілдерді меңгеріп, пайдалана білу бүгінгі күннің мұғалімінен үлкен ізденісті, зор талапты, өз білімін жетілдіріп арттыруды қажет етуде. Өйткені, заманауи жоғары технологиялық құрал-жабдықтарын біліктілікпен, сауаттылықпен пайдалану арқылы ғана біз, мұғалімдер сапалы білім беруге қол жеткізе аламыз.

Апталық сыныптан тыс өткізілген іс-шаралармен жалғасын тапты. Атап айтқанда: тарих пәнінің мұғалімдері С.С.Хасенов 10-11-сынып оқушылары арасында «Қазақстан – менің Отаным» танымдық сайысын, Н.С.Асанова 6-7-сыныптармен «Қазақстан – елім менің» интеллектуалдық ойынын, информатика пәні мұғалімі А.Б.Нажмиденов «Ғажайыптар әлемі» атты 7-8-сыныптар арасында сайыс, даярлық тобының жетекшісі С.А.Кайдарова «Төлдер айтысы» сахналық қойылымын және физика пәнінен А.Е.Ережепова 7-8-сынып оқушыларының арасында «Физика озаты» танымдық интеллектуалдық ойынын өткізді. Оқушылар сенбілік жиында марапатталды. Жас мамандар апталығының қорытындысы бойынша, жас мамандар мектебінің жетекшісі Г.К.Кисамиденовамен отырыс ұйымдастырылып, ашық сабақтар мен іс-шаралар талқыланды. Сонымен қатар, алдағы уақытта тәжірибелерін кеңейту мақсатында тәлімгерлерімен жұмыстарын жалғастыру ұсынылды.

Дана Абай: «Адамның – адамшылығы жақсы ұстаздан болады» – дегеніндей, ел болашағы үшін қажетті, жауапкершілігі зор, аса маңызды міндеттерді арқалаған мектепте қызмет атқару – әрбір ұстаздың мақтанышы мен мәртебесі.


 

Азаматтық-патриоттық тәрбие

29.04.2015

Азаматтық-патриоттық тәрбие

Қазан жалпы орта білім беретін мектебі бойынша 2014-2015 оқу жылының 13 сәуір -13 мамыр аралығында азаматтық-патриоттық айлығы жұмыс жоспары бойынша өтіп жатыр . 14 сәуір күні 5-9 сыныптар аралығында «9-мамыр – Жеңіс күні» атты ерлік сабағы өткізілді.

(толығырақ…)

Жаңаша оқытуға – жаңашыл көзқарас

14.03.2015

Жаңаша оқытуға – жаңашыл көзқарас

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында айтқандай, «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстандағы дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үдерісін технологияландыру мәселесін басты орынға қойып отыр. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді.


Қазіргі білім беру саласында кеңінен қолданысқа ие болып келе жатқан деңгейлік курс бағдарламалары бойынша оқыту әдістері жеті модуль арқылы ұсынылады. Бағдарламаның түйінді идеялары мен мазмұны мұғалімдердің тиісті сапалы деңгейге қол жеткізуге бағытталған. Мұғалім өзін кәсіби тұрғыдан ой толғауға қабілетті, өзінің оқыту және оқу тәжірибесін өзгертуге, сондай-ақ бағдарламаның идеяларын іске асыруға, талдауға және бағалауға дайын маман ретінде таныту үшін қажет.

           Үш айлық курсты іске асыру мақсатында оқып келген ұстаздар аудан көлемінде өз іс-тәжірибелерімен бөлісуде. Білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде ақпанның бесінде «Оқу-тәрбие үрдісінің жаңашыл технологиялары: нәтижелігі мен тиімділігі» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: оқу-тәрбие үрдісінің жаңа технологиялары және деңгейлік курс бағдарламалары бойынша педагогтердің білім, білік, дағдылары мен іскерлік, шеберлік, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал ету, аудан мұғалімдерінің өзара педагогикалық қарым- қатынастарын нығайту.

Үшінші (базалық) деңгейлік бағдарламасы бойынша курс өткен мұғалімдер: бастауыш сынып мұғалімі Нажмиденова Жанар Камалиденқызы дүниетану пәнінен «Табиғаттағы жануарлар мен өсімдіктердің байланысы» тақырыбында 3-сыныпта, Аушаихова Әсем Тасболатқызы әдебиеттік оқу пәнінен Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» тақырыбында 4-сыныпта, ағылшын тілі пәнінен Какежанова Диана Ерболатқызы «Қазақстан – менің Отаным» 6-сыныпта, Темиргалиев Дидар Төлеуұлы 5-сыныпта «Ұлттық киімдер» тақырыбында ашық сабақтар беріп, шебер-сыныптарда өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, әсіресе, жас мамандарға жаңа әдіс-тәсілдердің түрлерін, қолдану ерекшеліктерін көрсетті.

Бірінші (ілгері) деңгейлік курсын өткен орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Кисамиденова Гүлмира Қасқырбайқызы «Оқу үрдісіндеғі бағалау» тақырыбы бойынша коучинг өткізді. Қатысушылар бағалау түрлерімен (формативтік, жиынтық, критериалды) танысып, теориялық білімдерін тапсырмаларды орындау барысында бағалаудың түрлерін қолдану тиімді екеніне және өз тәжірибелерінде қолдана алатынына көз жеткізді.

Семинарды  аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Н.Ж.Адамжанова және әдістемелік кабинет әдіскері, сондай біздің мектебіміздің кураторы Г.Қ.Зайрова қорытындылап, барлық қатысушылардың көңілінен шыққан аудандық шараны өте жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін мектеп директоры Н.Кисамиденова мен мектеп ұжымына білім беру бөлімінің басшысы Т.Алибекова атынан алғыстарын білдірді.

           Қатысушылар өткен семинар аясында ұйымдастырылған шараларда оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді іс-тәжірибеде қолдана отырып, деңгейлік бағдарламалардың оқушылардың білім, білік, дағдыларын арттырудағы маңыздылығын білді.

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады


,-деп Уильямс Уорд айтқандай, оқушыларды әрдайым ұлы жаңалықтарға бастап, шабыттандырып отыратын ұлы мұғалімдер көп болса екен.

Г.Сабирова Қазан ЖОМ

директорының орынбасары

Қыз -өмірдің қызғалдағы

14.03.2015

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде 7 -ші сыныпта «Қыз -өмірдің қызғалдағы» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына ата-аналар мен мәдениет үйінің қызметкерлері шақырылды.

Мақсаты:
Оқушыларды рухани адамгершілік сезімге тәрбиелей отырып, өткен тарихымызды бағалауға, ұлттық құндылықтарымызды сақтауға, өткен ұлылардан үлгі алып, болашаққа ұмтылуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатына қатысушылар белсенділік көрсетіп ой пікірлерімен бөлісе отырды. Қонақтарымызға қазақ қыздарының тәрбиесіне байланысты шағын фильм көрсетіліп, оқушыларымыздың тарапынан өз шығармашылықтарынан өлең жолдарымен эсселерін тарту етті. Тәрбие сағатының соңы «Мен қазақ қыздарына қайран қалам » деген әнмен аяқталды.

Қыз сыны

14.03.2015

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде 1-4 сыныптар аралығында халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Қыздар! Көктем гүлі» атты қыз сыны 2015 сайысы өткізілді.

Мақсаты: қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.

Сайыс кезеңнен-кезеңге сатылы өткізілді. Сайыс 6 кезеңнен тұрды.

І – бөлім: «Таныстыру»- деп аталады. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін – өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.
ІІ – бөлім «Өз өнері» – деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (Ән айту, би билеу, әзіл-ысқақ т. б өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі)
ІІІ – бөлім: «Үй тапсырмасы» – деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз үй тапсырмасын орындап, өз қолдарымен жасалған бұйым немесе зат, картина дайындап әкелу тапсырылған болатын.
ІV бөлім: «Сұрақ – жауап» Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.
V бөлім: «Қол өнері» – деп аталады. Бұл бөлімді сайыскерлеріміз қазақтың ұлттық ою – өрнектерін әр – түрлі қағаздан ойып, бетке жабыстырады.
VI «Сән үлгісі»- деп аталады. Бұл бөлімде арулардың бүгінгі заманға сай тігілген кешкі сән үлгісін көрсетеді. Қатысушылардың сән үлгісіне ерекше мән беріледі.

Сайыстың ашылу салтанатын даярлық сынып оқушысы Мейрамбек Рәбия «Әжемнің ертегісі» әнімен ашты. Әр кезеңдер сайын оқушылар өздерінің өнерлерін көрсетті. Сайыстың соңы марапаттаумен аяқталды. Әр қатысушылар шағын сыйлықтарға иеленді.

 

8 наурыз

14.03.2015

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде мектепалды даярлық сыныбында  халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Көктем гүлі» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Мақсаты: қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.

Мектепалды даярлық сыныбында өткізілген іс –шараға ата-аналар мен мектеп ұжымы шақырылды. Әр ата-ана балаларының өнерлерін тамашалап, жүздерінен шаттық мейірімге толы көңіл күйлері байқалды. Мерекелік іс шарның соңында ата –аналар құттықтаулар мен тілектерін білдірдіп, балаларға шағын сыйлықтар табысталуымен аяқталды.

Біз тазалықты сақтаймыз!

15.02.2015

Республикалық тазалық күні 17-18 сәуір күндері мектеп ұжымы мен мектеп оқушылары «Біз тазалықты сақтаймыз!» деген ұранмен мектеп ауласын тазалау жұмыстарын жүргізді. Мектеп алаңында әдемі әуендер шырқалып, оқушылар белсенділік танытып, көңіл-күйлері көтеріңкі болды.


Ұрпаққа ұран ұлы есім

23.01.2015

                                                   Қорған болған елінің елдігіне,

                                                   Батырлардың бас идік ерлігіне.

                                                     Ұрпақтары қаһарман бабалардың

                                             Тәуелсіз қамалын көрдік міне!

           Оқушыларға патриоттық тәрбие бере отырып, Павлодар облысының батыр ұлы Махмет Қайырбаевтың ерлік істерін, отансүйгіштік қасиеттерін мақтан ету, оны өз бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу мақсатында Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде тарих пәнінің мұғалімі Хасенов Сержан Сансызбайұлы Кеңес Одағының Батыры, зеңбірекші «Махмет Қайырбаевтың туғанына 90 жыл» толуына орай «Ұрпаққа ұран-ұлы есім» атты тақырыпта оқушылармен тарихи кездесу өткізді.

         Махмет Қайырбаев 1925 жылы 1 қаңтарда Павлодар облысы Бесқарағай ауданы Семиярка селосында дүниеге келген. Махмет атамыздың өмірі біздің облысымыздың тыныс-тіршілігімен тығыз байланысты болғаны және балалық шағы Аршалы жазығындағы Құлмырза тауы етегінде (Май ауданы) өткенін, оның ерліктері туралы кеңінен мәлімет беріп, таныстырып кетті. Айта кетсек Махмет Қайырбаев атамыз Литва аумағындағы Шауләй түбіндегі ұрыста ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағымен марапатталған. Оқушылардың Махмет атамыздың өмірі туралы білуге қызығушылықтары артып, сұрақтар қойып отырды. Сонымен қатар, өздерінің ойларын ортаға салып, кештің өте жоғары деңгейде өтуіне ат салысты.

Тестілеу қорытындылары

22.01.2015

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінің 11- сынып оқушыларымен

өткізілген алдын-ала тестілеу қорытындысы   2014-2015 оқу жылы

І тоқсан

Мектеп бойынша алдын-ала тестілеу қорытындысы

мерзімі

02.09.

12.09

19.09

26.09.

03.10

10.10.

17.10.

24.10.

31.10.

Орта балл

83

64,2

72,8

66,2

74,4

76

82,8

78,8

87,2

 

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінің 11- сынып оқушыларымен

өткізілген алдын-ала тестілеу қорытындысы   2014-2015 оқу жылы

ІІ тоқсан

Мектеп бойынша алдын-ала тестілеу қорытындысы

мерзімі

14.11.

21.11.

28.11.

05.12.

12.12.

19.12.

Орта балл

76,6

85

81,6

82,4

89,6

91,25

Бейнелеу, технология, музыка пәндерінің апталығы

22.01.2015

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде 12-ші және 17 қаңтар аралығында технология, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, музыка пәндері апталығы өтті.

Апталық мақсаты: Оқытудың озық технологияларын меңгере отырып, жас ұрпаққа заман талабына сай жаңаша білім беруді қалыптастыру және оқушылардың сыныпта алған,меңгерген білімін,жеке пәнге қызығушылығын түрлі сыныптан тыс жұмыстар арқылы арттыру.

Аптаның басында технология және бейнелеу өнері пәндерінің мұғалімі Д.Темиргалиев оқушыларды апталық жоспарымен таныстырып, «Біздің сынып» атты суреттер сайысын жариялады. Апталық барысында технология пәні мұғалімі Д.Темиргалиев «Жас технолог» және бастауыш сынып мұғалімі А.Аушаихова «Он саусақ» атты сайыстар өткізді.

    

Сайыстар ойдағыдай өткізіліп, қатысушылардың көңіл-күйлеріне және қызыға қатысқандарына қарай сайыстар өз көздеген мақсатына жетті деген ойдамыз. Сайыс соңында сайыскерлер мадақтау грамоталарымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.

    

Сайыстармен бірге ашық сабақтар да музыка пәнінен Г.Шонова «Ұлттық аспаптар» , еңбекке баулу пәнінен А.Кайдарова «Әткенше құрастыру» және кембридж әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы Ж.Нажмиденова бейнелеу өнері пәнінен «Адам және жануарлар» (мүсін өнері), А.Аушаихова еңбек пәнінен «Ұлттық киім түрлері», Д.Темиргалиев бейнелеу өнері пәнінен «композиция» тақырыбында өткізілді. Сабақтар қызықты, әр түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы өтті. Апталық соңында суреттер көрмесінің қорытындысы жасалып қатысушылар марапатталды.

 

       

Жаңа 2015 жыл

21.01.2015

Жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңа бақыт, жаңа нұр.

деген ұранмен Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде Жаңа 2015 жыл мерекесі  өткізілді. Мектеп жанындағы шағын орталықта ертеңгілік ата-аналардың қатысуымен қызықты өтті. Барлық бүлдіршіндер көз тартар киім үлгілерін киіп, би билеп, ән шырқады. Аяз аталарына арнап өлеңдерін оқыды. Аяз Ата бүлдіршіндерге сыйлықтарын сыйлады.

Аяз ата шеберханасы

21.01.2015

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде Жаңа жыл мерекесіне орай “Аяз ата” шеберханасы жұмыс жасады. Мұнда барлық сынып оқушылары жаңа жылдық әшекей бұйымдарын жасап, шыршаны безендіру жұмыстарын бастап кетті.

    

тарих, география апталығы

18.12.2014

Қараша айының 24-29 аралығында мектепте тарих, география апталығы өтті. Апталық барысында ашық сабақтар беріліп, сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.

(толығырақ…)