“Әй, жарайсың!”

18.12.2014

     Қазан жалпы орта білім беретін мектебі бойынша 16 желтоқсан- Тәуелсіздік күніне орай мектеп жанындағы шағын орталығының және мектепалды даярлық сыныбының тәрбиеленушілері мен ата – аналарының қатысуымен «Әй жарайсың!» атты спорттық сайысы өткізілді. Сайыс 6 кезеңнен тұрды. Таныстыру, кедергіден өту, озып көр, секіртпемен жарысу, мергендер, арқан тартысу. Мектеп жанындағы шағын орталығының бүлдіршіндері “Гүлдер” тобы «Озып көр» кезеңінде қазылар алқысының көз айымына түсті. Сайыс соңында көрермендер бүлдіршіндердің тәуелсіздік күніне арналған тақпақтары мен өлеңдерін тамашалады.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.

         

“Нұрлы жол” жарқын болашаққа бастар жол

14.12.2014

Елбасы десек – Тәуелсіздік, Тәуелсіздік десек – Елбасы ойға оралатын нұрлы бейбіт күндеріміз Елбасының халқынаЖолдауымен жалғасып келеді.

Қазан орта мектебінде Елбасының “Нұрлы жол – болашаққа бастар жол” жолдауын насихаттау мақсатымен сынып сағаттары өткізілді. Мектеп оқушыларына тарих пәнінің мұғалімі С.Хасенов  түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Елбасы жолдауын қолдай отырып, тұрақтылық пен келісім, бейбітшілік – креативті, ырғақты жастарымыздың жарқын болашағының кепілі екенін атап кетті.

                     

Кемеңгер елбасы-ырысы елімнің

14.12.2014

… Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты – толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын.

Нұрсұлтан Назарбаев

 

     Нұрсұлтан Назарбаев – мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Н.Ә Назарбаев тұсында жеттік. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақсы білуі тиіс деген мақсатпен 1-желтоқсан «Тұңғыш Президент күні» орай мектебімізде «Кемеңгер Елбасы-ырысы елімнің» тақырыбында ашық сынып сағаты өткізілді.

(толығырақ…)

Алғашқы әскери дайындық

03.11.2014

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде алғашқы әскери дайындық пәнінің азаматтық-патриоттық жұмыс жоспарына сәйкес 31 қазанда 10-11 сыныптар арасында «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әрбір жауынгері үшін әскери антты орындау – абырой мен ар ісі, оның бүкіл өмірінің заңы» атты тақырыпта дәріс сабағы өтті. Сабақтың мақсаты патриоттық тәрбие беру мақсатында оқушыларға әскери антты қабылдау рәсімімен таныстыру және әскери анттын әр жауынгердің өмірінде қандай орын алатынын түсіндіру. Сабақ қызықты өтті, барлық оқушылар сабаққа белсенді қаттысты. 

Бастауыш сынып апталығы

11.10.2014

«Бастауышым, бал бұлағым!»

«Мектеп- кеме, білім- теңіз» демекші, қазіргі заман- білім мен ғылымның бәсеке заманы. Сондықтан мектептің әдістемелік жұмысының жүйелі жүргізілуі қадағаланады. Өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуына аса көңіл аударылады.

Қыркүйек айының 29 жұлдызынан бастап, қазан айының 4-ші жұлдызына дейін бастауыш сынып апталығы өтті.

(толығырақ…)

Денсаулық апталығы

09.10.2014

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде дене шынықтыру апталығының салтанатты ашылуы болды.Бұл күнгі салтанатты ашылу рәсіміне 1-11-ші сынып оқушылары қатысты.Әр сыныптың талапқа сай дайындалғаны байқалды.Әр топ аттарын, таңбаларың, спорттық киімдерін қорғады.

(толығырақ…)

Алғашқы қоңырау

09.10.2014

«Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде 1-қыркүйек «Білім күні» мерекелік іс-шара өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепке жол

09.10.2014

Қазан жалпы орта білім беретін мектебі бойынша «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ақпарат

2014-2015оқу жылы

Май ауданының білім беру бөлімінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 1-06/135 кіріс хатының «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын 2014 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар негізінде мектепішілік жоспары құрылып, өткізілді. Акция мақсаты – оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылына дайындық кезінде ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу болып табылады. «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастыру және өткізу мақсатында мектеп бойынша комиссия құрылды. Тамыз айынан бастап мектеп әкімшілігі мен ауыл әкімшілігі бірігіп 2014-2015 оқу жылында мектепке барудан бас тартқан немесе оқудан бас тартқан, қараусыз қалған, жайсыз отбасынан шыққан балалар жергілікті атқару органдарының, білім беру, ішкі істер, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен рейд өткізілді. Рейд барысында аз қамтамасыз етілген, көпбалалы, жетім, тұрмысы төмен отбасылардың тұрмыстық жағдайы анықталды. Рейдтің нәтижесінде мектепке барудан бас тартқан немесе оқудан бас тартқан, қараусыз қалған балалар анықталмады. Акция барысында плакаттар мен үндеулер таратылып, хабарландыру ілінді, кәсіпкерлер мен шаруашылық басшыларына акцияға қатысу туралы үндеу хаттар жолданды. Оқушыларды жаңа оқу жылына дайындық ретінде көмек көрсеткендер: ауыл әкімі Б.Бекқожин 7000 теңге (туфли), «Теміржан» шаруа қожалығы Н.Теміржанов 7000 теңге (туфли), әкімшілік ұжымы 9000 теңге (спорттық костюм), «Шәкен» шаруа қожалығы Қ.Идрисов 7000 теңге (туфли), мектеп әкімшілігі 5000 теңгеге кеңсе тауарлары, мектеп директоры Н.Кисамиденова 5000 теңге (спорттық аяқ киім), «Ақтай» шаруа қожалығы Қ.Ақтаев 7000 теңге, ауыл молдасы М.Тулкин 20 000 теңге, ауылымыздың жеке меншік дүкен иелері Р.Байбатина «555»дүкені, Б.Оразаева «Анель» дүкендері 4000 теңге, ауылымыздың мәдениет үйі 4000 теңге көлемінде, жалпы сомасы 75 000 теңгеге көмек көрсетілді.

«Мектепке жол» акция негізінде 20 тамызда ауылымызда арзандатылған бағамен аудан орталығынан кәсіпкерлер өз саудаларын жүргізді. Жәрменкеде кеңсе тауарлары мен оқушыларға арналған киім кешектер сатылды.

 

Объявление о конкурсе

01.08.2014

Объявление о конкурсе

Государственному учреждению «КазанскаяСОШ»

140803,Майский район село Жумыскер ул.Пушкина,1

edukazan.kz

объявляет о проведении конкурса по организации питания обучающихся.

(толығырақ…)

ЖАЗ – 2014

01.08.2014

ЖАЗ – 2014

Павлодар облысы Май ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 22 мамырдағы №159/5 «Май ауданында жазғы каникул кезеңінде балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі             2014-2015 жылдарға арналған шаралар туралы қаулысы және Май ауданы білім беру бөлімінің 2014 жылғы 16 мамыр 1-06/96 «2014 жылғы жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» бұйрығы  негізінде  

(толығырақ…)

7- мамыр Отан қорғаушылар күні

01.08.2014

Қарулы Күштер қатарында қызмет ету – әрбір қазақстандықтың құрметті міндеті. Ал Отан қорғаушы күніне мемлекеттік мәртебе беру – қазақстандық патриотизмді қалыптастыру үшін керек қадам десек, алғаш өткізілген жауынгерлік шерудің айбынымызды асырған мәні зор оқиға болғаны анық.

Бүгін – мереке. Мереке болғанда да, ауыз толтырып айтарлықтай мерейлі мереке. Бүгін – 7 мамыр Отан қорғаушылар күні.1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Бұдан кейін республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде жеке шешуге көшу үшін қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Біздің де сонау дәуірлерден бері тамырын тереңге жайған бір ғана Отанымыз бар. Ол – Қазақ жері. Осынау алып қазақ сахарасын көздің қарашығындай қорғап, оны шексіз сүю әр қазақтың міндеті және азаматтық борышы.  Осы мереке қарсаңында Қазан орта мектебінде саптық жүріс пен патриоттық әндер сайысы өтті.

(толығырақ…)

Облыстық «Өлкетану» бойынша ең үздік арнайы курс- конкурсы

01.08.2014

Облыстық «Өлкетану» бойынша ең үздік арнайы

курс- конкурсы

2013 жылғы 28 қазан күні Павлодар облысы білім беру басқармасы, Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының жұмыс жоспары негізінде, шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздарды анықтау және қолдау, олардың кәсіби тұрғыда өсуін ынталандыру, өлкетану бойынша курстар әзірлеудегі пән мұғалімдерінің озық тәжірибесін тарату мақсатында «Өлкетану» бойынша үздік арнайы курс облыстық конкурсы өткізілді. Конкурс 3 кезеңнен тұрды: аудандық, сараптамалық және финал – қорғау. Бұл конкурсқа Қазан жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Сания Манатқызы Жақсымбетова мен география пәнінің мұғалімі Салтанат Жұмабекқызы Байбакирова 7-сыныпқа арналған «Өлкетану» авторлық бағдарламасын ұсынды.

(толығырақ…)

«Мектепке жол» акциясы

01.08.2014

«Мектепке жол» акциясы 

Еліміздің барлық өңірлерінде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында дәстүрге айналған «Мектепке жол» қайырымдылық жалпы республикалық акциясы өтуде.

Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларынан шыққан оқушыларға көмек көрсету және баланың әлеуметтік себептерге байланысты мектепке бармай қалуының алдын алуға бағытталған. 

(толығырақ…)

ТЖДО арналған аудандық семинар

01.08.2014

Ынтымақтастық – тәрбие негізі 

2013 жылы 4 желтоқсан күні Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде, білім беру бөлімінің қолдауымен «Ынтымақтастық – тәрбие негізі» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Мақсаты: Ынтамақтастық тәрбие негізінде жас ұрпақты тәрбиелеу.

(толығырақ…)

Өнер алды – қызыл тіл!

01.08.2014

Өнер алды – қызыл тіл!

Туған елім – тірлігімнің айғағы, 

Тілім барда айтылар сыр ойдағы, 

Өссе тілім, менде бірге өсемін

Өшше тілім менде бірге өшемін! – деп, ақын Ә.Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті.

   Қырқүйек айының 21-ші жұлдызында халықаралық тілдер мерекесіне байланысты мектеп кітапханасында «Өнер алды – қызыл тіл» атты интеллектуалдық сайысы өткізілді. Интеллектуалдық сайысының мақсаты: оқушыларға ана тілі туралы, ана сүтімен дарыған тума тіліміздің өмірдегі атқарып жатқан қызметің, сол құдіретті тілдің шынайы мөлдірлігі мен тазалығын сақтау туралы түсінік беру. Халқымыздың ұлттық мақтанышы мен дінің кеңінен насихаттау. Сайысқа 1-4 сынып оқушылары белсене қатысып, өздері білетін мақал-мәтелдерін жатқа оқыды. Қатысқан 1-4 сынып оқушылары сынып сағатын ұлттың негізгі тірегі ана тілі, әжелеріміздің бесікті тербете отырып өмірлі бол, ақ ботам бақытты бол, ақ қозым деп жырлар жайлы қысқаша әңгімеден басталды. Отан, Қазақстан, туған жер туралы 1 сынып оқушылары Мұхамеджан Досжан, Тулеуова Айым, Амангелды Гүлназ жатқа мәнерлеп өлең оқыды.

(толығырақ…)

Наш коллектив

24.02.2014

dytert