Көңілді спорттық жарыс

18.01.2017

Бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 1-4 сыныптар арасында “Көңілді жарыстар” өтті. Сайыстың мақсаты: оқушылардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдылықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.”Жүйріктер”, “Алғырлар”, “Сұңқарлар” атты үш топ сайысқа түсті. Жарыс кезеңдері: “Сиқырлы шеңбер”, Кім жылдам?”, “Кедергілер” және “Жүгір, секір, орында!”. Төрт кезең оқушылардың жылдамдығы мен төзімділігін сынаса, бесінші кезең оқушылардың логикалық байқағыштығы сыналды.

Қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз

11.01.2017

10 қаңтар күні бастауыш сыныптар арасында жолда жүру ережелеріне байланысты «Қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз» атты сахналық қойылым ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушыларға жол ережесін түсіндіру. Оқушылар өз қызығушылықтарын арттырып, белсене қатысты. Қойылым қызықты өтті. Тәрбиелік мәні өте зор. Ережелер бойынша жіберілген қателерін қайталамайтындай жағдай жасады.Қойылым арқылы ұйымдастырылған
іс –шара өз мақсатына жетті.

Шахмат кабинетінің салтанатты ашылу рәсімі

09.01.2017

Мақсаты: Тұлғаның ой-өрісін, ойлау қабілетін арттыру және интеллектті дамытып, есте сақтауды жақсарту.
Шахмат – әлемдегі кең таралған ойындардың қатарында. Тұлғаның ой-өрісін дамытуда орны ерекше. Біле білсек, әлемдегі мықты-мықты саясаткерлер, топ-менеджерлер шахмат ойнап, табысқа жете білген. Американдық публицист Ричард Бах : «Ең әсерлі білім – сені жеңе алатын бәсекелеспен шахмат ойнау» дейді. Ғалымдар дәлелдегендей, әсіресе күрделі математика ғылымын шахмат ойыны арқылы тез меңгеруге болады екен.
Бүгінгі таңда шахматқа өте көп көңіл бөлініп, оқушыларымыздың ойлау қабілетін арттыру мақсатында түрлі деңгейде жарыстар ұйымдастырылуда.
Шахмат тарихы бір жарым ғасырға жуық уақытты қамтып жатыр. Үнді елінде V-VI ғасырларда ойлап табылған шахмат бүгінде адам мəдениетінің ажырамас бөлігі ретінде орнығып, жер жүзіне тарап кетті.
Салтанатты ашылу рәсіміне келген қонақтар оқушыларға өз жылы тілектерін білдіріп, құттықтады.
Білім беру бөлімінің әдіскері Заирова Гульжан Қайсаевна, ауыл ардагерлерінің төрағасы Кулетов Мейрамғали Қабиденұлы, ауыл әкімі Бекқожин Берік Жанатұлы, аудандық маслихатының депутаты Сулейменов Тасқын Қабылбекұлы және аудандық шахматтар одағының мүшесі, шахмат ойынының шебері ауыл азаматы Завгородний Александр Александрович қатысты. Ашылу рәсіміне 10-сынып оқушысы Жолдыбаева Аружан «Жаса Қазақстан» әнін орындады. Оқушылардың шахматқа деген қызығушылықтары мен талпынысын арттыру жұмыстары жоспарланып, бекітілді. Соның негізінде түрлі додаларға қатысу мақсатқа қойылды.

Құқықтық сана

06.01.2017

Қысқы демалыс уақытында мектепішілік жоспар кұрылып, бекітілді. Соның ішінде құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 8- 10 сынып арасында аға тәлімгер Г. Серікбаева бастамасымен «Құқықтық сана» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Оқушыларға құқықбұзушылыққа байланысты жағдаяттар мен сұрақтар берілді. Оқушылар тәрбие сағатында қызығушылықтарын, білім- білік, дағдыларын, белсенділіктері мен қызығушылықтарын көрсете білді. Жалпы тәрбие сағаты өз мақсатына жетті.

Спорт-мықты денсаулық

05.01.2017

4-5 желтоқсан күндері 6- 8 сынып аралығында «Спорт-мықты денсаулық» тақырыбында шаңғы жарысы өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың денсаулығын нығайту, шаңғы тебуге қызығушылықтарын арттыру, салуатты өмір салтын қалыптастыру.
Жарысқа шаңғы тебудің амал-тәсілдерін меңгерген 6-8 сынып ұлдары қатысса, қыздар тобы сырғанап жарысты.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қинаят Ж.Б. және әділқазылар алқасы жарыстың нәтижесін шешіп, І орынға ие болған 8 сынып оқушылары –Назымбек Нұрхат, Кабенов Елнұр, ІІ орынға ие болған
7 сынып оқушысы Нұрымов Дидар, ІІІ орынға 6-сынып оқушысы Назымбек Темірлан марапатталды.

Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқушылардың оқу жетістіктерін критерийлер негізінде бағалау

04.01.2017

Мектебіміздің білім беру мазмұның жаңарту аясында 6 мұғалімі қайта даярлау курсына қатысты. Сонымен қатар мектеп үйлестірушісі Әсем Тасболатқызы Аушаихова осы бағытта ұжыммен оқыту-семинарларын жүргізуде.
«Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқушылардың оқу жетістіктерін критерийлер негізінде бағалау» тақырыбында өткен семинар барысында критериалды бағалаудың құрылымы, қалыптастырушы бағалау үдерісі талқыланып, мұғалімдер тапсырмаларға дескриптор, критерийлер құрастырып және тиімді кері байланыс беруде практикалық жұмыстар жасады. 1-сыныпта жұмыс жасайтын мұғалімдер өз тәжірибелерінен ой-пікірлерін ортаға салды.

Қызым саған айтам

04.01.2017

Қысқы демалыс уақытында жоспар негізінде 7-10 сынып аралығында мектеп медбибісі Г.Далабаева қыздармен «Қызым саған айтам» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты: қыз бала гигиенасымен таныстыру және оның маңыздылығын түсіндіру.
Медбибі Г.Далабаева «Жасөспірім гигиенасы мен талаптары» тақырыбында дәріс оқылып, талқыланды. Дәріс негізінде туындаған сұрақтар «Жасырын сұрақ» ойын арқылы жалғасты. Әр оқушы ашық қоя алмаған сұрағын қорапшаға салып, дөңгелек үстел соңында сол сұрақтарға жауаптар берілді. Қыздар үшін пайдалы кеңестер үлестірме парақшаларда таратылды. Дөңгелек үстел «Жасөспірім гигиенасы» видеосымен қорытындыланды.

Қош келдің, Жаңа жыл!

30.12.2016

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Тауық жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

29 желтоқсан күні мектебімізде жаңа жыл мерекесіне арналған 5-10 сыныптар арасында «Қош келдің, Жаңа жыл!» мерекелік кеші өтті. Оқушылармен қатар ата-аналар да мерекелік кеште ән салып, би билеп, көңіл – күйлерін көтерді. 8 – 10-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен ертегілік қойылым қойылып, көрермендермен қызықты ойындар өткізді. Мереке би кешімен аяқталды. Шыршамыз көңілді өтуіне ат салысқан ата-аналарға, жеке шаруа қожалықтарына демеушілік көрсеткендері үшін алғысымыз шексіз.

Кел, Жаңа жыл!

29.12.2016

Төрле, төрле, Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын дегендей, Қазан жалпы орта білім беретін мектепте бастауыш сыныптарда «Кел, Жаңа жыл! » атты ертеңгілік өтті. Шыршамыз әдемі безендірілген, айнала қызыққа толды. Әр сыныптар өз костюмдерін киіп, өнерлерін көрсетті. Шырша мерекесіне костюм киген ертегілер кейіпкерлері қатысып, балаларды қызықтыра алды. Дайындаған сахналық көріністері көрермендердің көңілінен шықты. Шырша мерекесіне қонақтар мен ата-аналар, ұстаздар да белсене қатысты.
Биылғы тауық жылы барша қауымға жаңа табыс, жаңа бақыт әкелсін деген тілекпен Жаңа жыл кеші аяқталды.

Біздің жетістіктер

26.12.2016

Қазан жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің нәтижесі


Тарих пәнінің мұғалімі Жаксымбетова Сания Манатовна “Қазақ халқының этнографиясы” бойынша Республикалық қашықтық олимпиадасының ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.


Ертіс Дарыны өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен “Алтын Асық” ІІІ облыстық зияткерлік конкурсында ІІІ орынға ие болған мектебіміздің мектеп алды даярлық сыныбының тәрбиеленушісі КАБИЕВА МИРА марапатталды.


Астана қаласында ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар» ҚҚ және «Жас Ұрпақ» орталығының ұйымдастыруымен өткен сайыста мектебіміздің «Гүлдер» шағын орталығының тәрбиешісі Тулкина Гульжанат Ертаевна Ян Амос Каменский атындағы төсбелгімен және Құрмет грамотасымен марапатталды.


Оқушылар жетістігі:

%d1%80%d0%b8%d1%81%d1%83%d0%bd%d0%be%d0%ba13

Жаратылыстану пәнінен Ресейлік «Адам және табиғат” ойын-конкурсының жүлделі орын иегерлері

            

Аудандық күзгі кросс жарысында 8-сынып оқушысы Жұмаш Әңкәр

І-орын иегері.

 

Аудандық күзгі кросс жарысында 10-сынып оқушысы Шора Берік ІІІ-орын иегері.

 

География пәнінің мұғалімі Байбакирова Салтанат Жумабековна аудандық «Жыл мұғалімі – 2014» сайысының жеңімпазы. Облыстық сайысының қатысушысы.

ағылшын тілі пәнінен 1 орын иегері

қазақ тілі пәнінен 2 орын иегері

математика пәнінен 3 орын иегері

география пәнінен 3 орын иегері

орыс тілі пәнінен 3 орын

Мектеп кітапханашылары арасында аудандық сайыстан

Темиргалиева Айжан 3 орынға ие болды.

Білімқұмар балаларға арналған Республикалық “Үркер” марафонының жүлдегерлері

          

мектеп алды даярлық

               

 

Алғашқы әскери дайындық пәнінен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған “Тәуелсіздік – тұғырым!” атты әскери-патриоттық сайыс

19.12.2016

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде 16-желтоқсан күні алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Сержан Сансызбайұлы Хасеновтың өткізуімен Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған “Тәуелсіздік – тұғырым!” атты әскери-патриоттық сайыс өткізілді. Сайысқа 9-10 сыныптар оқушылары қатысты. Сайысқа “Жалын” және “Қыран” топтары қатысты. Сайыс 4 кезеңнен тұрды: 1. Бәйге 2. Тіл өнер 3. Капитандар сайысы 4. Жылдар сөйлейді. Сйыстың нәтижесі бойынша “Жалын ” тобы жеңіске жетті. Сайыстың қорытындысы бойынша оқушылар белсенді қатысып, өздерінің білімдері мен қызығушылықтарын көрсетті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Ауылым – алтын бесігім» форумы

14.12.2016

13 желтоқсан күні Қазан жалпы орта білім беретін мектебінің 5-10 сынып оқушылары аралығында Қазақстан Республиикасы Тәуеліздігінің 25-жылдығына арналған «Ауылым – алтын бесігім» форумы өткізілді.

Форумның мақсаты оқушыларды Қазан ЖОББМ мұғалімдері жасап шығарған «Ауылым алтын бесігім» мобильді қосымшасымен таныстыру. Мобильді қосымша Жұмыскер ауылының 25 жылдағы жетістіктері көрсетілген, ауылымыздың тыныс-тіршілігі туралы мәліметтер береді, өсу динамикасы көрсетілген: ӘЛЕУМЕТТІК САЛА.  Халық саны.  Мәдениет. Денсаулық саласы. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы.«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы». ИНФРАҚҰРЫЛЫМ. Ауыз сумен қамтамасыз ету. «Жұмыскер» теміржол разьезі. «Билайн» байланыс торабы. Жарықтандыру.Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған алаң. Ауыл мешітінің жұмысы. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ. Мал шаруашылығы саласында өндірістің және мал санының тұрақты өсімі.

Оқушылар мобильді қосымшаға қызығушылықтарын танытып, форум соңы оқушылар ұйымдастырғанфлешмобпен аяқталды.

   

Тәуелсіз елдің ұландары

13.12.2016

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде «Жас Ұлан» қоғамдық  бірлестік  қатарына мектебіміздің  үздік оқушыларын  қабылдауы салтанатты түрде өтті. «Жас Ұлан»  балалар  мен жасөспірім ұйымы  өз қатарына  өсіп келе жатқан  ұрпақты  патриоттық  сезімін мен тәрбиелеуді , білімге деген  талпынысты , жауапкершілікті  сезінуді , алдарына  мақсат етіп қойды. Жас өспірім  жас ұландарға  біздің   Отанымыздың мақтанышы болуларын тілеміз.Салтанатты  жиын соңында 5- сынып оқушыларының орындауында «Атамекен» әнімен  аяқталды.

 

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша облыстық әдістемелік оқыту семинары

08.12.2016

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде Павлодар облысының Білім беру және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының мектепке дейінгі білім беру кабинетінің әдіскері Боранбаева Бағдат Серікқызының қатысуымен мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша облыстық әдістемелік оқыту семинары өтті. Семинарға ауданымыздың балабақша меңгерушілері мен әдіскерлері, шағын орталық тәрбиешілері қатысты.

20161208_111018

Облыстық конкурс жеңімпаздары

07.12.2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында облыстық ақпараттық технологиялар орталығы ұйымдастырған  «Тарих жолдарымен» атты облыстық мобильді қосымшалар конкурсына мектебіміздің ұстаздары Гульдана Казболатовна Темиржанова, Дидар Тулеуович Темиргалиев, Салтанат Жумабековна Байбакирова және Сания Манатовна Жаксымбетова қатысып,  ІІ жүлделі орынды жеңіп алды.

Әріптестерімізді құттықтай отырып, мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз. Тек қана биік белестерден көріне беріңіздер!

 

«Қазақтың ұлы азаматтары» интеллектуалдық ойыны

06.12.2016

2016 жылдың 6-желтоқсан күні  Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде тарих және география пәндерінің апталығы аясында тарих пәнінің мұғалімі Сания Манатқызы Жаксымбетова  8-9 сыныптар арасында «Қазақтың ұлы азаматтары» интеллектуалдық ойыны өткізілді. Сайыстың мақсаты: оқушыны Отанын сүюге, туған елін, төл тарихымыздың шежіресін құрметтеп, ардақтауға, ұжымшылдыққа үйрету; танымдық белсенділігі жоғары, ұшқыр, ұтымды ойлап, белсенді қимылдайтын, өзгенің пікірін сыйлап, төзімділікпен тыңдай білетін, интеллектуалдылығы жоғары ұрпақ тәрбиелеу; сөздік қорларын дамыту, оқушыны өзін-өзі, яғни өз мүмкіндігін, қабілетін, икемділігін дұрыс бағалауларын дамыту.

Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Оқушылар өз білімдерін көрсете алды. Интеллектуалды ойын барысында оқушылардың қызығушылығын арттыратын әр түрлі әдіс тәсілдер қолданылды: саяси порттреттермен жұмыс, мақал-мәтелдер айту, өлең оқу т.б. Оқушылар өз білімдерін тек тарих пәнінен ғана емес, сонымен қатар музыка, әдебиет пәнінен де сынады. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, марапатталды.