Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған достық пен татулық тақырыбындағы бірыңғай сабақтардың өткізілуі

24.11.2016

Павлодар облысы білім беру басқармасының 22.11.2016 жылғы №8/6-05/4772 хаты негізінде  23 қараша 2016 жылы  1-10 сыныптар аралығында татулық пен достық тақырыбында  бірыңғай сабақтар өткізілді.

     Мақсаты: «Ұлы дала елі-тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн шеңберінде  Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту.

Мектеп бойынша 1-10 сыныптар аралығында 67 оқушы, татулық пен достық тақырыбындағы   бірыңғай сабақтарына қатысқан 67 оқушы.

1-4 сыныпта «Бірлік, достық, татулық» тақырыбында бірыңғай сабақ өткізілді.

    Ұйымдастыру әдісі: топтық ойын, сахналық қойылым.

Мұғалім Ж.Нажмиденова Ұлы ғұлама ғалым Аристотель «Достық – өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашанда барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес» деген сөздерімен сынып сағатын бастады, әр топқа дос туралы өлең, ән айту тапсырылды. «Дос іздеймін» сахналық қойылымы оқушыларды сахналық мәдениетке және тәуелсіз елде көптеген ұлттардың достық, татулықта тұруы бірлік пен ынтымақтастықта екені  дәріптелді.

5-6 сыныпта бірыңғай сабақ  «Достық – бірлік пен ынтымақ негізі»

тақырыбында, топтық сайыс түрінде, 7-8 сыныпта «Ынтымақ, бірлік, келісім-ең

басты байлық ел үшін» тақырыбында  дөңгелек үстел, 9-10 сыныпта «Халықтар

достығы» тақырыбында пікірталас түрінде өткізілді.

Бірыңғай сабақтарды өткізу арқылы оқушылар  достық пен татулық тәуелсіз мемлекетіміздің ең басты байлығы  екенін түсінді.

20161123_151952 20161123_152753 20161123_153446 20161123_155342 20161123_160453

 

Білім жүйесіндегі ақпараттық коммуникациялық технологиялар

16.11.2016

Мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Нажмиденов Ардақ Берикбаевич 10 қараша күні Павлодар қаласында «Білім жүйесіндегі ақпараттық коммуникациялық технологиялар курсынан өтіп, «Bilimland білім беру платформасы, «iTest ҰБТ – ға дайындық жүргізу бағдарламасы бойынша виртуалды оқыту кешені, «iMektep» – аудиовизуалды шығарма анимациялық фильмдер порталдары арқылы әдістемелік қамтамасыздандыру туралы әріптестерімен оқыту семинарын жүргізді.

20161117_112737 20161117_112449

«Бесінші сыныпқа бірінші рет» тақырыбындағы педагогикалық консилиумі

14.11.2016

14 қарашада «Қазан жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінде «Бесінші сыныпқа бірінші рет» 5-сыныптың орта буынға бейімделуі тақырыбындағы педагогикалық консилиум өтті.  Мақсаты: 5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуін қамтамасыз ету мәселелерін шешу, әрбір жеке тұлғаның қабілеттеріне сәйкес оның сұраныстарын қанағаттандыратын үздіксіз білім берудің тұтас жүйесін құруға мүмкіндік беру және психологиялық жағынан зерттеу. Консилиумге мектеп директоры, оқу ісінің меңгерушісі, пән мұғалімдері және сынып жетекшісі қатысты.

20161116_130512

Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау бойынша ата-аналарға ақпарат

11.11.2016

Мақсаты: ата-аналарға критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктерін көмек ретінде ақпарат беру.

1-сынып мұғалімі Нажмиденова Жанар Камалиденқызы ата-аналарға критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктерін, оның қалыптастырушы мен жиынтық түріне бөлінетінін айтып, бөлім/ ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың қорытындысы туралы толық мәлімет ұсынды.

20161111_162119

Мектепішілік пәндер олимпиадасы

08.11.2016

Мектеп бойынша 3-10 сынып оқушылар арсында пәндер олимпиадасының  бірінші іріктеу кезеңі  өтті. Әр пән бойынша жоғары ұпай жинаған оқушылар ІІ кезеңде өз білімдерін сынайды.

 

Талаптыға нұр жауар

05.11.2016

4 қараша  күні 1-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» ХІІ республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңінде біздің мектебіміздің  6-сынып оқушысы Кұлтай Нұрай «Үй тұрмысындағы деффузия құбылысы» және 3-сынып оқушысы Серікқали Сержан «Қауіпсіздік белбеуі не үшін керек?» тақырыптарында физика және техника бағыты бойынша Ережепова Асылзат Ерғанатқызының жетекшілігімен  ғылыми жұмыстарын қорғады. «Мәселені нақты ашқаны үшін» номинациясын 3-сынып оқушысы Серікқали Сержан иеленді және қатысқандары үшін марапатталды.%d1%81%d0%b5%d1%80%d0%b6%d0%b0%d0%bd-%d1%81%d0%b5%d1%80%d0%b8%d0%ba%d0%ba%d0%b0%d0%bb%d0%b8-%d0%b7%d0%b5%d1%80%d0%b4%d0%b5

«Жасөспірім» және «Жас полицейлер» сайысы

04.11.2016

 

Қазан жалпы орта білім беретін мектебі бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Жасөспірім» тобы және жол қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында «Жас полицейлер» тобы құрылды.

Топтардың жұмысын көрсету  және әрі қарай жандандыру мақсатында аға тәлімгер Г.Серікбаева топтар арасында сайыс өткізді.

Сайыс 3 бөлімнен тұрды:

1 бөлім. Әр топ өз жұмыс жоспары, топтың мақсатымен, міндеттерімен таныстырды.

2 бөлім. Әр топқа  жағдаяттар беріліп, шығу жолын талқылады.

3 бөлім: Әр топтың атқаратын міндетіне сай құрылған сұрақтарға жауап беру.

Сайыстың қорытындысы бойынша «Жас полицейлер» әр кезеңнен сүрінбей өтіп, І орынға ие болды.

20161103_121019

 

 

 

«Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017«Future Energy», Болашақ қуаты көрмесі

03.11.2016

Қазан жалпы орта білім беретін мектебі бойынша 3 қараша «Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017 «Future Energy», Болашақ қуаты көрмесі өткізілді.
Мақсаты: 2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлығы және ЭКСПО-2017 мақсаты, міндеттерін түсіндіру.

Көрменің орналастырылған орны: Мектептің І қабаты

Көрмеге оқушылардың қолөнерлері, атап айтқанда: қазақтың ұлттық ою өрнегі, бәйтерек, шаңырақ, Қазақстанның Мемлекеттік Туы, Астана қаласындағы зәулім үйлер макеті қойылды.
Көрме арқылы оқушылар «ЭКСПО-2017» Тәуелсіз Қазақстан үшін қаншалықты маңызды екенін түсінді.

20161104_104119 20161104_104125 20161104_091948

«1 – сынып оқушыларының мектепке бейімделуі және психологиялық ахуалы» тақырыбындағы педагогикалық консилиумі

02.11.2016

 

«1 – сынып оқушыларының мектепке бейімделуі және психологиялық ахуалы» тақырыбындағы педагогикалық консилиум өтті. Мақсаты: оқушылардың мектеп өміріне бейімделуін, олардың оқуға деген ынтасын және оқу жүйесін әрі қарай қиындықсыз алып кету дайындығын тексеру.  Мектеп психологі Магнұрова Мөлдір Ақылбекқызы әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, оқушылармен жұмыс істеудін тиімді жолдарын ұсынды.

Консилиум барысында оқушылардың бойындағы қызығушылықтары мен танымдық әрекеттерін және бейімділіктерін анықтап, оларды дамыту жолдары талқыланды.

.

 

Желтоқсан жаңғырығы жадымда

02.11.2016

2016 жылдың 2 қараша күні мектепте Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне арналған апталықтың аясында тарих пәнінің мұғалімі Сания Манатқызы Жаксымбетова 5-10 сынып аралығында «Желтоқсан жаңғырығы жадымда» атты конференция өткізді.

Конференцияның мақсаты – Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі – Желтоқсан оқиғасының себептері, тарихи маңызы және Желтоқсан оқиғасының құрбандарымен оқушыларды таныстыра отырып, патриоттық сезімдерін ояту, Тәуелсіздігіміздің бізге қалай жеткендігін саналарына сіңіру. Конференция барысында 9-сынып оқушылары Бауыржанқызы Нұрай мен Иманғали Әйгерім Желтоқсан оқиғасының себептері мен тарихи маңызын баяндамаларында атап  өтті. Желтоқсан құрбандарының қаһармандығы жөнінде сөз қозғалып, бір минут үнсіздік жарияланды. Өткізілген іс-шара аясында оқушылардың тарихымыздағы сол бір қайғылы оқиғаны оқушыларға сездіру мақсатымен Желтоқсан оқиғасы туралы бейнебаян көрсетіліп, «Желтоқсан желі» әні шырқалды.

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген конференция өз мақсатына жетіп, оқушылар Тәуелсіздік – қасиетті ұғым екенін, біз тәуелсіз елде өмір сүруіміз үшін біздің ата-бабаларымыздың қаны төгілгендігін ұғынып, оқушыларымыз Тәуелсіз Қазақстанның туын әрқашан биік көтеріп жүреді деген сенімдемін.

20161102_101632 20161102_105620

«Дарабоз» спорттық сайысы

01.11.2016

Қазан жалпы орта білім беретін мектебі бойынша «Отбасы күні» атап өтуге байланысты  даярлық сыныбы мен 1 сынып аралығында «Дарабоз» спорттық сайысы өткізілді.

Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, бала мен ата-ана арасындағы отбасылық қарым-қатынасты нығайту.

Спорттық сайысқа 5 ата-ана мен бала  «Денсаулық» және «Салауат» топтары қатысты. Спорттық ойын 5 кезеңнен тұрды.

1-кезең: «Менің тобым». Әр топ аты мен ұранын таныстырады.

2-кезең: «Мықтылар». Шарты: ата-аналар мен оқушылар шармен белгіленген жерге жетуп, қойылған белгіні топқажеткізу.

3-кезең: «Жүйріктер». Ойынның шарты: белгіленген уақытқа жүгіру.

4-кезең: «Мен және балам».  Ойынның шарты: ептілікке негізделген, берілген суды шашпай ыдысқа толтыру.

5-кезең: «Дөңгелек». Ойынның шарты: Қойылған дөңгелектерден сүрінбей секіру.

Аталған 5 кезеңнен «Денсаулық» тобы жоғары ұпаймен жеңіске жетті.  Әр топ сйылықтар мен алғыс хаттармен марапатталды

.2011-01-02-05-32-15 2011-01-02-05-52-15

«Сарбаз» патриоттар сайысы

31.10.2016

31 қазан «Патриоттар» күні қарсаңында Қазан жалпы орта білім беретін мектебі бойынша  «Сарбаз» әскери-патриоттық жарыс өткзілді.

Мақсаты: оқушы бойында Отанына деген сүйіспеншілігін, Отан қорғау рухын дамыту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Әскери-патриоттық сайысқа 8-10 сынып оқушылары қатысты. Әлғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Хасенов Сержан Сансызбайұлы оқушылардың әскери дайындығын нығайтуға арналған қару –жарақ жинау, әскерде қолданылатын түрлі  амал-тәсілдер және әскери ант тапсыру сайыстарын жүргізу  арқылы болашақта  Отан алдындағы борыштарын атқаруды міндеттеді. Әскери-патриоттық сайысының жеңімпаздары әр кезең бойынша алғыс хаттармен марапатталды.

20150428_163544 20150428_155947

 

Сауықтырудың бірден-бір бөлігі-таңғы жаттығу.

24.10.2016

2017 жылы Қазақстанның ірі мегаполисі – Алматы қаласында Дүниежүзілік қысқы Универсиада ашылады. Дүниежүзілік студенттік спорт ойындарын Алматыда өткізу Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев бекіткен Қазақстанды 2030 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына сай, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайтудың тағы да бір қадамы болмақ.

2016 жылдың 24 қазан күні «Универсиада-2017-ге 100 күн» мәдени – спорттық жобаны қолдау  мақсатында «Қазан жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінде оқушылар арасында таңертеңгілік жаттығу өткізілді.  Таңертеңгілік жаттығуға  67  оқушы қатысып, өз қолдауларын көрсетті.

img-20161024-wa0022 img-20161024-wa0013

ЖАҢАШЫЛ МҰҒАЛІМ – ЖАҢА ЗАМАН ТАЛАБЫ

22.10.2016

Бағдарламаны іске асырудың тұжырымдамалық негіздері мен деңгейлік қағидаттары оқып шыққан сертификатталған педагог кадрлар  оқытудың тәжірибесін өзгертуге, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, өзін-өзі ынталандыру, өзін-өзі реттеу, оқи білу дағдыларын белсенді әрі табысты қолдану дайындығын қалыптастыруға өз үлестерін қосуда.

Мектеп бойынша үшінші деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер:  Нажмиденова Ж.К., Какежанова Д.Е., Темиргалиев Д.Т., Аушаихова А.Т., Жаксымбетова С.М., Байбакирова С. Ж. Жаңа форматтағы мұғалімдер жоспарлау процесін, бағалау жүйесі мен рефлексиялауды жетілдіруі мақсатында жеті модульді қолданып ай сайын апталықта ашық сабақтар көрсетіп, тәжірибе алмасады.

Бірінші деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан бір мұғалім. Кисамиденова Г.К. коучинг арқылы мектепте әріптестерінің жұмыс тәжірибесін жетілдірумен қатар мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығын ұйымдастуда.

17-22 қазан аралығында Жаксымбетова С.М. тарих пәнінен «Ежелгі адамдардың өмірі», «Қазақстан территориясындағы палеолит және мезолит дәуірі», Какежанова Д.Е. ағылшын тілі пәнінен «Менің пәтерім», Темиргалиев Д.Т.  «Ағаштарды, құстарды, аңдарды бейнелеу: ортақ және өзіндік сипаттауы», Кисамиденова Г.К. орыс әдебиеті пәнінен Нравоучительный и философский характер сказок «Иван – царевич и Серый волк», Байбакирова С.Ж. жаратылыстану пәнінен «Ай – Жердің серігі» атты тақырыптары бойынша ашық сабақтар өткізілді.

20161018_102527 img-20161020-wa0008 img-20161025-wa0018 img-20161025-wa0038

«ЭКСПО-2017» бірыңғай сабақтарының өткізілуі

20.10.2016

Май ауданы білім беру бөлімінің 13 қазан 2016 жылғы  №554 хаты негізінде  20 қазан 2016 жылы  1-10 сыныптар аралығында «ЭКСПО-2017» бірыңғай сабақтарын өткізу.

     Мақсаты:  2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлығы және ЭКСПО-2017 мақсаты, міндеттерін түсіндіру.

Мектеп бойынша 1-10 сыныптар аралығында 67 оқушы, «ЭКСПО-2017» бірыңғай сабақтарына қатысқан 67 оқушы.

1-4 сынып «ЭКСПО-2017» сабағы мектеп кітапханашысы А.Темірғалиева мен сынып жетекшілері Г.Шонова, Ж.Нажмиденова, Н.Шолабекова ұйымдастыруымен өткізілді.

Ұйымдастыру әдісі: түсіндіру, слайд , суреттеу, эссе.

ЭКСПО-2017 мақсаты мен міндеттері және кітап көрмесімен танысқан оқушылар өздерінің теледидарлардан естігендерін ортаға сала отырып, «Болашақтағы Қазақстан» сурет және эссе арқылы тақырыпты талқыға салды.  Мектеп кітапханашысы А.Темірғалиева слайд арқылы оқушыларға ЭКСПО-2017 –нің басталу тарихы, өткізілген жерлері туралы мағлұмат берді.

5-10 сынып «ЭКСПО-2017» сабағы тарих пәнінің мұғалімі С.Хасенов және география пәнінің мұғалімі С.Байбакированың ұйымдастыруымен өткізілді.

Мұғалімдер ЭКСПО-2017 өткізілуінің қаншалықты пайдалы және оған қатысушылар туралы мағлұмат берді. Жалпы деректерді оқушылар постерге салу  арқылы жеткізді.

ЭКСПО-2017 сабағы 12-10 сынып оқушыларына  көптеген ақпараттар көзін ұсынды.

20161020_160658 20161020_154917

20161020_153816 20161020_153203

 

Сары күз алтындай – алтын«»

15.10.2016

14 қазан  күні мектепте іс- шаралар жоспарында «Сары алтындай – алтын күз»  атты  мерекелік іс- шара аталып өтті. Бастауыш  сыныптар және орта , жоғары сыныптар арасында.Мерекелік іс- шара  өте қызықты  өтті.  Әрбір сынып таныстыру күзгі сән,  қол өнерімен және күзгі көріністерден көз татарлық  көрме жасады. Ең қызықтысы әр сынып өздерінің өнерлерімен қуантты. Көрермендермен әділ –қазылардың көнілінен шықты.  Оқушылырдың белсенділіктері, қызығушылықтары өте жоғары  сатыдан көрінді.

20161014_172802 img_20130712_174431