1 маусым-Балаларды қорғау күні!

1 маусым-Балаларды қорғау күніне орай бүгін “Көңілді автобус” акциясы ұйымдастырылды. Балаларымызға дендеріне саулық, амандық, жақсылық, көңіл-күйлері әрқашанда көңілді болсын!
1 маусым-Балаларды қорғау күніне орай бүгін “Көңілді автобус” акциясы ұйымдастырылды. Балаларымызға дендеріне саулық, амандық, жақсылық, көңіл-күйлері әрқашанда көңілді болсын!
25 мамыр – “Сыңғырла соңғы қоңырау” мерекесі Қазан жалпы орта білім беру мектебінің ашық алаңында өткізілді. Кең байтақ Отанымыздың білім ұясында күміс қоңыраудың сыңғыры естіліп, “Сыңғырла, соңғы қоңырау” салтанатты шараның шымылдығы еліміздің әнұранымен ашылды. Мектеп директоры Г. Сабирова оқушылармен ұстаздарды мерекелерімен құттықтап , мектеп бітіруші түлектерге ақ тілегін жеткізді.
Мектепалды даярлық сыныбына сиқырлы қаламмен көптеген мәліметтер алуға болатыны туралы айтылды. Мектеп кітапханашы А . Темиргалиева.
Мектебімізді тұрмыстық зорлық-зомбылық және құқық бұзушылық алдын – алу профилактикасы жұмыс жоспары негізінде Сенім кабинеті жұмыс жасауда. Бұл кабинетте мектеп психологы А. Кайдарова мен оның медиаторлары МТІЖО Г.К. Темиржанова , учаскелік полиция инспекторы А.Н. Жунусов, мектеп медбибісі А. Тасболатова, әлеуметтік педагог Г. Серикбаева зорлық және балалар бойынша келіп түскен мәселелерді талқылады.
Мектебімізде “Жол қозғалыс жас инспекторлары” акциясы өткізілді. Мақсаты: оқушыларға жас жол қозғалысы қауіпсіздігінің сақталуын насихаттау. Оқушылардың танымдық көзқарасын , зейінің тұрақтылығын дамыту. Мектеп жол қозғалыс инспекторлары оқушыларға жол ережесіне байланысты жұмбақтар жасырып, жол белгілері туралы түсінік берумен, түрлі ойындармен жол ережесін есте сақтауға, жол ережесі қауіпсіздігінің қамтамасыз ету мақсатында тәрбие жұмысының жоспары негізінде “Жол қозғалысы ережелері” атты іс -шара ұйымдастырылды.
1922 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Майданда алдымен хатшы, содан кейін медбике болып жұмыс істеді, содан кейін арнайы пулеметшілер курстарына жіберді. Курстардан кейін Мәншүк пулемет есебінің командирі болып тағайындалды.15 қазан 1943жылы шайқаста Невель қаласын босату үшін күресте жаралы бола тұра 70 фашистің көзін жойды.
Тәрбие жұмысының жоспары негізінде 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған “Ерлік пен ержүректің” мерекесі тақырыбында 1-сынып оқушылары Нургалиев Али, Мейрамбек Дінмұхамед мереке қарсаңында “Жас патриоттар” тақырыбында қол өнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.
Тәрбие жұмысының жоспары негізінде 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған “Ерлік пен ержүректің” мерекесі тақырыбында 1-сынып оқушысы Қазболат Асанәлі мереке қарсаңында “Жас патриоттар” тақырыбында қол өнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.
“Гүлдер” шағын орталық ұжымының “Катюша”, “Журавли”, “Тәуелсіз Қазақтың қызымын” ән шашулары.
Мектебіміздің тәрбие жұмысының жоспары негізінде 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 76 жылдық мерейтойына орай бастауыш сыныптар арасында “7 мамыр -Отан қорғаушылар күні” тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды.
1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың дүниежүзілік үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен тұрақтылық – Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Осынау атаулы мереке күніне орай 2-сынып жетекшісі М.Оразбаеваның ұйымдастырумен “1 – мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні” тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты: оқушыларды ынтымаққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға көп ұлтты халқымыздың тыныштығын мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
150-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлік іс журналына сәйкес 1945 жылы сәуірдің 30-ында сағат 15:00 шамасында Рейхстагқа бірінші болып қазақ офицері Рақымжан Қошқарбаев пен жауынгер Григорий Булатов Жеңіс туын тікті. Тарихи ерлігін батырмыз небәрі 21 жасында жасаған. Ержүрек батырға еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін” Халық қаһарманы” атағы берілді.
Май ауданы мен Аксу қаласының дарынды баларға арналған мамандандырылған гимназиясы өткізген Кіші Сәтбаев олимпиадасында математикалық бағыт бойынша 7-сынып оқушысы Озеруга Сергей 2-орынға, Қазболат Мерей жаратылыстану бағыты бойынша 3-орынға ие болды! Құттықтаймыз!
Республикалық IQanat олимпиадасының 3- кезеңіне математикалық бағыт бойынша өткен 9-сынып оқушысы Мухаметжан Айымды құттықтап, мамыр айында Алматы облысындағы Балдаурен орталығында өтетін 3- кезеңнен сүренбей өтуіне тілектеспіз!
12- сәуір -Ғарышкерлер күніне орай “Ғарыш бала көзімен” атты бастауыш сынып оқушылары Берикбаева Айару және Мейрамбек Дінмұхамед ермексаздан ғаламшар туралы мүсіндер жасады.