IQanat олимпиадасы

19.04.2021

Республикалық  IQanat олимпиадасының 3- кезеңіне математикалық бағыт бойынша өткен 9-сынып оқушысы Мухаметжан Айымды құттықтап, мамыр айында Алматы облысындағы Балдаурен орталығында өтетін 3- кезеңнен сүренбей өтуіне тілектеспіз!

“Ғарыш бала көзімен”мүсіндер жасау

12.04.2021

12- сәуір -Ғарышкерлер күніне орай  “Ғарыш бала көзімен” атты бастауыш сынып оқушылары Берикбаева  Айару және Мейрамбек Дінмұхамед ермексаздан ғаламшар туралы мүсіндер жасады.

“Педагогикалық шеберлік-2021” облыстық конкурс

02.04.2021

“Педагогикалық шеберлік-2021” облыстық конкурсында шағын орталық тәрбиешісі Тулкина Гульжанат Ертаевна “Ұлттық бағыттағы үстел- үсті ойындары” жобасымен қатысып, жүлделі 2-орынға иеленді. Педагог-зерттеуші санатты Гульжанат Ертаевна тәрбиеленушілерді ұлттық ойындар арқылы өй-өрістерін дамытып, ұлтжанды, білімді ұрпақ тәрбиелеп шығаруда. Құттықтаймыз!

Қазақстан балалары-көктем шақырады!

30.03.2021

“Қазақстан балалары-көктем шақырады!” көктемгі демалыс кезінде оқушылардың сапалы және қауіпсіз демалысын ұйымдастыру 20 наурыз күні Павлодар қаласында “Тәуелсіздікке-30 жыл” тойлау қарсаңында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мектеп оқушылары “Batyr mall” сауда орталығында коньки тебу, мәнерлеп сырғанау бойынша өзара жарысқа түсті.

Қорытынды аттестаттауға дайындық

26.03.2021

Көктемгі демалыс кезінде 11-сынып оқушыларымен қорытынды аттестаттауға, ҰБТ-ге дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан балалары-көктем шақырады!

23.03.2021

“Қазақстан балалары-көктем шақырады!” көктемгі демалыс кезінде оқушылардың сапалы және қауіпсіз демалысын ұйымдастыру мақсатында  “Оқуға құштар мектеп ” жобасы аясында мектеп оқушылар С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханаға саяхат жасап қайтты.

Тарихқа тағзым күні

18.03.2021

Тәрбие жұмысының жоспары негізінде 17 наурыз-Тарих күні. Ұлттық құндылықтарды дарыту, ұлттық рухта тәрбиелеу, туған өлкенің тарихы туралы түсініктерін кеңейту. Отан тарихын терең тану арқылы өз еліне және жеріне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында 2-сынып оқушылары Қажымұқан Мұнайтпасовтың “Қажымұқан” мультфильмі көрсетілді.

НАУРЫЗ құтты болсын!

17.03.2021

 

VID-20210318-WA0009

ҰБТ-ді компьютерлік форматта

17.03.2021

Мектеп директорының оқу ісінің орынбасары С. Жақсымбетова 11-сынып ата-аналарымен және мектеп бітірушілермен ҰБТ-2021 жылғы ерекшеліктермен таныстырып өтті. Наурыз айында бірінші рет 11-сынып оқушылары ҰБТ-ді компьютерлік форматта тапсырады.

Ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылды

16.03.2021

2021 жылдың наурыз айынан бастап санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылды.

“Тұралықты тұғыр еткен Төле би” онлайн-бейнедәріс

16.03.2021

Адалдық сағаты-Тәрбие жұмысының жоспары негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің “Тұралықты тұғыр еткен Төле би” онлайн-бейнедәріс барысында оқушылар Төле бидің осынша тарихи биік тұлға дәрежесіне жетуіне себеп болған тұлғалық қасиеттерімен таныстырылды.

Көрісу күні құтты болсын!

15.03.2021

“Гүлдер” шағын орталығында көрісу күні. Көрісу күнін Наурыз мейрамның бастауы деп айтуға болады. Көрісу дәстүрінің тарихына үңілсек, ертеректе жапан далада қыс айларында мал баққан көпшенді халық бір-бірімен көрісе алмай, бір-бірін тек көктем Наурыз мейрамына қарай көре алған екен. Бір-біріне амандық-саулық, өкпе-ренішін кешіріп жатады. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды.

1-сыныпқа қабылдау алгоритмі

01.03.2021

1.www.egov. kz электрондық үкімет сайтына өтіңіз

2.Порталда тіркелу.

3.”Білім беру” -“орта білім беру”-“білім беру” ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы) бөліміне өту.

4.”Қызметке онлайн тапсырыс беруді” таңдаңыз.

5.Қажетті мәліметтерді толтырыңыз.

6.Сканерленген құжаттарды тіркеңіз.

7.ЭЦК-мен растаңыз.

Интернет арқылы өтініш бере алмайтын ата-аналар үшін мектепте  компьютер және сканермен жабдықталған қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған.

“Дәстүр мен ғұрып” арнайы жоба

18.02.2021

“Жүн түту, ұршық иіру, жіп дайындау, тоқыма тоқу”. Тәрбие жұмысының жоспары негізінде “Рухани жаңғыру ” бағдарламасы “Дәстүр мен ғұрып” арнайы жобасы “Жүн түту, ұршық иіру, жіп дайындау, тоқыма тоқу” конкурсына 1-сынып оқушысы Маралбек Сания анасымен белсенді қатысуда.

“Дәстүр мен ғұрып” арнайы жоба

16.02.2021

“Жүн түту, ұршық иіру, жіп дайындау, тоқыма тоқу”.Тәрбие жұмысының жоспары негізінде “Рухани жаңғыру” бағдарламасы “Дәстүр мен ғұрып” арнайы жобасы “Жүн түту, ұршық иіру, жіп дайындау, тоқыма тоқу” конкурсына 10-сынып оқушысы Нажмиденова Ания белсенді қатысуда.

“Ауыл-Ел бесігі”атты челендж

16.02.2021

Тәрбие жұмысының жоспары негізінде “Рухани жаңғыру” бағдарламасының арнайы жобасы “Ауыл-Ел бесігі” атты челенджіне 4 -сынып оқушысы Жамсап Әдия отбасымен қатысады. Челленджді 5-сынып оқушысы Нұрмұхамбет Ернұрдың отбасына жолдайды.