“Бауыржан Момышұлы -ел батыры” сынып сағаты

18.11.2020

Аты аңызға айналған батыр, командир, көптеген марапаттардың иегері, жазушы Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толды. Батылдық, адалдық және табандылық қасиеттерге ие Бауыржан Момышұлы халық қаһарманы. Оның тұлғасынан жоғарғы патриоттық рух, шешім қабылдаудағы сенімділік, тәртіп, даналық пен парасаттылық қасиеттері де табылады. Оқушылар полк командирінің батырлық әрекеттері мен өмірлік қағидаларын еске түсірді. Бауыржан Момышұлының мұрасы ерлік пен тәртіпке, патриотизмге толы, өмірлік жолы ар-намыс, әділдік және адамгершілік қағидаларына негізделген.

“Қызықты үзілістер” жобасы

17.11.2020

“Қызықты үзілістер” жобасы аясында қазіргі кезде ұлттық ойындарымызды дәріптеу мақсатында сыныптар арсында тоғызқұмалақ ойыны ұйымдастырылды. Мақсаты: тоғызқұмалақ ойынының шығу тарихын, ойын атауын талдай отырып, ойынның интеллектуалдық және логикалық ойды жетілдіре түсінетінің дәлелдеу.

“Мен ата-анама көмектесемін”челледжі

12.11.2020

Күзгі демалыс тиімді ұйымдастыру мақсатында 10 сынып оқушысы Нажмиденова Ания  “Мен ата-анама көмектесемін” челледжіне белсенді қатысуда. Оқушыларды еңбек арқылы адамгершілікке, адалдыққа, тазалыққа  тәрбиелеу .

“Мен ата-анама көмектесемін” челледжі

10.11.2020

Күзгі демалыс тиімді ұйымдастыру мақсатында 4 сынып оқушысы Кабиева Мира және 2 сынып оқышсы  Кабиева Айым “Мен ата-анама көмектесемін” челледжіне белсенді қатысуда. Оқушыларды еңбек арқылы адамгершілікке, адалдыққа, тазалыққа тәрбиелеу .

Есентай Ерботиннің туғанына 185 жыл

29.10.2020

Жазушы, журналист Есентай Ерботиннің туғанына 185 жылдығына орай сынып сағаты өткізілді. Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Мәшһүр Жүсіп ауылында дүниеге келген.

“Ыстықкөл сапарының күнделігі” сынып сағаты

29.10.2020

Мектеп оқушыларының қатысуымен Ш. Уәлихановтың 185 жылдығына арналған “Ыстықкөл сапарының күнделігі” сынып сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі: Д.Айтқали

Сенім кабинеті

28.10.2020

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы  туралы Қазақстан Республикасының Заңын орындау мақсатында “Сенім кабинеті” жұмыс жасайды. Бұл кабинетте мектеп психологы мен оның медиаторлары “Зорлық және балалар” бойынша келіп түскен сұрақтарды талқылап, шешімін табады.

“Bala business” облыстық жоба

27.10.2020

10-11сыныптарға “Bala business” облыстық жоба жүзеге асыру аясында  “Менің бизнес идеяларым” атты мектепшілік акциясы өтті. Сынып жетекшілері: М. Курмашева , Д. Какежанова .

“Өрт – тілсіз жау” сынып сағаты

23.10.2020

Мектеп оқушыларының қатысуымен “Өрт – тілсіз жау” сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушылардың өрт қауіпсіздігі ережелерін туралы білімдерін қалыптастыру, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге үйрету.

“Қауіпсіз мектеп” акциясы

23.10.2020

“Қауіпсіз мектеп” акциясы аясында “Жол тәртібін әркім білуі тиіс” тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушылар жолда жүру ережесін білу және қатаң сақтау, жолдағы белгілерді естерінде сақтау.

Облыстық “ECO BOOM” жобасы

22.10.2020

Облыстық “ECO BOOM” жобасы аясында “Қолданылған батареяларды және ПВХ өнімдерін жою” акциясы іске асырылды. Мақсаты: қолданылған батареяларды және ПВХ өнімдерін ұтымды пайдалану үрдісін көрсету, зиянды қалдықтарды тастамау арқылы табиғатқа және адамдардың денсаулығына келтірілген зиянды азайту. Әрбір бастауыш сынып оқушыларына қолданылған батареяларды немесе құрамында пластиктен туратын басқа заттарды мектепке әкелу тапсырмасы берілді.

“Өз жүрегіңмен жылыту” қайырымдылық акциясы

21.10.2020

“Қоғамға қызмет” волонтерлік әлеуметтік жобасы  “Өз жүрегіңмен жылыту” қайырымдылық акциясында аға тәлімгер Г. Серикбаеваның  ұйымдастырумен ауылымыздың жалғызбасты әжемізге барып, ауласын жинап келді. Әжеміз балаларға көрсеткен көмектері үшін ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Бала құқығы – адам құқығы

21.10.2020

20 қазан  күні “Мен және менің құқығым” тақырыбында мектеп оқушыларымен қашықтықтан дөңгелек үстел өтті.

“Рухани келісім күні- татулықтың бастауы” сынып сағаты

18.10.2020

18 қазан- ұлты мен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні. Сондықтан да бүгінгі мереке бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен гүлдену мерекесі болып табылады. Бұл мерекенің арнайы аталып өтуі елімізде бірлік пен қайырымдылық , жақсылық пен сенімділік, ауызбіршілік пен сыйластық орнату. Осы мақсатта мектеп оқушылармен “Рухани келісім күні- татулықтың бастауы” тақырыбында  сынып сағаты өткізілді.

“Еріктілер пайдасы іспен” акциясы

13.10.2020

” Баларлар біріңғай Жас Ұлан” ұйымы біріңғай күндер күнтізбесінің жоспарына сай “Руханият” бағыты бойынша “Мейрім-fest” біріңғай парасаттық күні қарсаңында 8-сынып оқушылармен “Еріктілер пайдасы іспен” акциясына атсалысып белсенділік танытуда.

“Family Day” жобасы

07.10.2020

Облыстық “Family Day” жобасы аясында ” Салауатты өмір салтын сақтаймыз” тақырыбында  Маралбек Сания, Мейрамбек  Дінмұхамет,  Берикбаева  Аяру, Жұмабек Зере, Нургалиев Али оқушыларымыз сурет салды.