1 Қазан – Халықаралық қарттар күні сынып сағаты

01.10.2020

1 Қазан – Халықаралық қарттар күні. Қазақстанда жыл сайын бұл күн қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне қосқан зор үлестеріне сай сый-құрмет көрсетіледі. Үлкенді сыйлау, құрмет көрсету ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымыз. Құрметті ардагерлер! Сіздерге зор денсаулық, амандық, баянды бақыт, мәнді өмір тілейміз.

 

Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем! Ұстаздар күнімен!

28.09.2020

Ұстаздар ұлы тұлға. “Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға” деген ұлы Абай атамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізілетін тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Құрметті ұстаздар! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық ізденістер арта берсін деген тілекпен Қазан жалпы орта білім беретін мектебінің студенттері мұғалімдерін құттықтауда.

“Қазақ тілі-менің ана тілім” сынып сағаты

21.09.2020

Тілдер мерекесіне орай сыныптар арасында өткізілген “Қазақ тілі-менің ана тілім” атты сынып сағаты өтті. Мақсаты; оқушыларды ана тілінің қадір қасиетін түсіне білуге тәрбиелеу, халқына деген сүйіспеншілігін тіліне деген құрметін арттыру. Сынып сағатында презентация ұсынылып, сұрақ-жауап түрінде өтті.

Туған жерге тағзым – перзенттік парыз, балаға мейірімділік сыйлау – азаматтық борыш

14.09.2020

Елбасы мақаласынан бастау алған «Туған жер» бағдарламасының мақсаты кіндік қаны тамған жерді, өскен өлкені сүю, оған құрмет танытатын ауылымыздың әр түлегі қай жерде, қандай қызметте жүрсе де, атамекен – алтын бесігін бір сәт те естен шығармай, оған мәңгілік қарыздармын деп есептейтін 1985 жылғы түлектер «Teacher office» кабинетін ашты.

Отбасы- бақыт мекені

13.09.2020

“Отбасы- бақыт мекені” отбасы күніне арналған фотоколлаж. 9 сынып оқушысы Мейрамбек Жания. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі.

Денсаулық-баға жетпес асыл дүние

11.09.2020

“Денсаулық-баға жетпес асыл дүние” әлемді жайлаған індетке байланысты 16.08.2017 № 611 бұйрығы “Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар ” 2020-2021 оқу жылында өзгертілген 28.08.2020 ҚР ДСМ-98/2020 бұйрығын орындау және оқушылардың денсаулығын сақтау мақсатында демеушілер тарапынан “Қазан жалпы орта білім беретін мектеп” ММ 5 кварц шамы сыйға тартылды. Демеушілерімізге алғысымызды білдіреміз.

Туған жерге тағзым – перзенттік парыз, балаға мейірімділік сыйлау – азаматтық борыш

10.09.2020

Елбасы мақаласынан бастау алған «Туған жер» бағдарламасының мақсаты кіндік қаны тамған жерді, өскен өлкені сүю, оған құрмет танытатын ауылымыздың әр түлегі қай жерде, қандай қызметте жүрсе де, атамекен – алтын бесігін бір сәт те естен шығармай, оған мәңгілік қарыздармын деп есептейтін  2000 жылғы түлектер «Домбыра кабинеті» ашты. Туған топырақты қастерлеу – қазақ халқының ата-бабадан жалғасқан салты. «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген дана халқымыз ауылымыздың жанашыр мектебіміздің түлектеріне сайма-сай келеді.

03.09.2020

Май ауданының жалпы орта білім беретін мектептеріне шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде білім беру ұйымдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар бойынша

ҰСЫНЫМДАР

«Конституция-кемелдік кепілі» атты тәрбие сағаты

01.09.2020

1 қыркүйек Білім күні Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай 11-сыныпта «Конституция-кемелдік кепілі» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Еліміздің Конституция жөнінде түсінікті тереңдету. Жеке адамның  құқықтары мен міндеттеріне құрметпен қарау және оларды орынды пайдалана білуге үйрету. Оқушыларды ұлтжандылыққа баулып, құқықтық тәрбие беру.

“Сәлем, саған мектебім!” сынып сағаты

01.09.2020

1 сыныпта “Сәлем , саған мектебім!” бірінші қырқүйекке арналған сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: жас  ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру. Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

 

“Мектебіме тағзым” акциясы

06.08.2020

Туған елге, туған жерге тағзым ету, оқып, білім алған алтын ұя- әр адамның қасиетті борышы. Бүгінде “Туған жер” жобасын жүзеге асыруда Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде  “Мектебіме  тағзым” акциясы жалғасуда. Мектебімізді  осыдан 30 жыл бұрын бітірген 1990 жылғы түлектері білім ордасының өміріне бей-жай қарамай, ұрпақтар сабақтастығын сақтап, мектепте жаңадан ашылып ІТ кабинетіне  жиһаздар және стенд сыйға тартты. Өз мектептерінің дамуына үлес қосып, демеушілік көмек көрсетіп жатқан түлектерімізге алғысымызды білдіреміз.

“Көрнекті фотосурет” жобасы

31.07.2020

Қазан жалпы орта білім беретін мектебінің 4 -сынып оқушысы Серикқали Нұрай “Көрнекті фотосурет” жобасының қатысушысы. Осы жобаның мақсаты: балаларды сұлулыққа, әсемдікке тәрбиелеу. Өз еліне, жеріне, табиғатына деген сүйіспеншілікпен  қарау.

“Біз біргеміз!” акциясы

20.06.2020

“Біз біргеміз! ” акциясы аясында ауданымыздың орталығындағы аурухана қызметкерлері мен емделушілеріне Қазан орта мектебінің ұжымы да бей- жай қалмай көмектерін аямады. Бүгін мектеп басшысы Г. Сабированың бастауымен мектептің ұстаздары аудандық ауруханаға азық-түліктер мен жеке гигиеналық заттар апарып үлестірді. Елімізде етек алып алып бара жатқан бұл індеттен сақтанып, аман болайық!.

Облыстық пән олимпиадасы

29.05.2020

11 сынып оқушысы Серікбай Дария өзін-өзі тану пәні бойынша оқушылардың облыстық пән олимпиадасында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз! Дарияға деніне саулық, шығармашылық табыс, биік белестерден көрейік.

Құрметті ата-аналар мен балалар!

04.03.2020

Вирустық аурулардың таралуының алдын алу бойынша білім беру ұйымдары үшін ЖАДНАМА

02.03.2020

Білім алушылар арасында вирустық аурулардың, оның ішінде коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, қалалар мен аудандардың білім бөлімдері, білім беру ұйымдары денсаулық сақтау органдарымен және ұйымдарымен бірлесіп, оқушылар мен педагогикалық ұжымдарда, сондай-ақ ата-аналар қоғамдастығының арасында профилактикалық іс-шаралар кешенін өткізу қажет. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі: 1) білім беру органдары мен ұйымдарының басшыларына: – білім беру ұйымдарында вирустық аурулардың, оның ішінде коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын құруды (ҚР ДСМ 11.09.2013 ж. № 466 бұйрығы бойынша жұмыс істеу); – барлық білім алушыларды, педагогтар мен ата-аналарды вирустық инфекция, оның ішінде коронавирустық инфекция белгілері туралы, сондай-ақ коронавирустық инфекцияға күдікті уақытта алдын алу шаралары мен іс-әрекеттері туралы хабардар етуді қамтамасыз етуді; – білім беру органдары мен ұйымдарының ресми сайттарында ата-аналар арасында вирустық аурулардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді; – коронавирустық инфекцияға күдікті адамдарды анықтау кезінде білім беру объектілері қызметкерлерінің әрекет ету тетігін әзірлеуді; – білім беру ұйымдарында (дәліздер, фойелер, кабинеттер, зертханалар, акт және спорт залдары) санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуді, қажет болған жағдайда күшейтілген талаптардың сақталуын қамтамасыз етуді: желдету режимі, кварцтау режимі, жинау режимі, ауызсу режимі, сондай-ақ білім беру ұйымының техникалық персоналымен жүргізілетін ылғалды жинау санын арттыруды; – санитарлық дәрігерлерді шақырумен дезинфекциялық құралдарды қолдану және жұмыс ерітінділерін дайындау бойынша персонал үшін санминимум жүргізуді; – білім беруді ұйымдастыруды сабын-жуу мен дезинфекциялау құралдарының қажетті санымен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды; – вирустық инфекциялармен сырқаттанушы балаларды күнделікті бақылауды (температураны өлшеу, визуалды тексеру); – вирусты инфекциялардың эпидемиясы мен өршуі кезінде бір сынып оқушылары күні бойы бір сынып бөлмесінде қалуы үшін кабинеттік оқу жүйесін тоқтатуды; – коронавирустық инфекцияға күдікті науқастар анықталған жағдайда білім алушылар мен тәрбиеленушілерді уақытша оқшаулауды қамтамасыз ету, болмаған жағдайда изоляторға орналастыруды ұйымдастыруды; – маскалық режимді ұйымдастыруды (ауырған баламен қарымқатынаста медицина қызметкерлерінің, педагогтардың маскаларын киюі; ас блогының қызметкерлері балаларға тамақ тарату кезінде) (карантин кезінде);
– ауру қызметкерлерді білім алушылармен және тәрбиеленушілермен жұмысқа жіберуге тыйым салуды (карантин кезінде); – «Вирустық инфекция», «Коронавирустық инфекция» санитарлық бюллетенін шығару, білім беру ұйымдарының көрнекті орындарына ақпарат орналастыруды (карантин кезінде); – қажет болған жағдайда денсаулық сақтау органымен келісе отырып, басқарманың бұйрығына сәйкес жеке топтарда, сыныптарда, барлық білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтатуды ұсынады. 2) мұғалімдер мен сынып жетекшілерге: – әрбір сабақтың басында балада кемшілік белгілерін анықтау үшін білім алушыларды көзбен шолып тексеру жүргізуді; – сабақта бала мазасызданбаған жағдайда білім беру ұйымының медицина қызметкерін хабардар етіп, ата-аналарына хабарлауды; – әлеуметтік желілердің чат-топтарында ата-аналар арасында вирустық аурулардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді; – білім алушылардың гигиеналық нормаларды сақтау бойынша шараларды күшейтуді; – вирусты инфекцияның, коронавирустық инфекцияның алдын алу, коронавирустық инфекцияға күдікті кездегі іс-әрекеттер және алдын алу шаралары туралы тақырыптық сынып сағаттарын өткізу, ақпараттық бұрыштар құруды; Сонымен қатар, жалпы мектептік және сыныптан тыс іс-шараларды, сондай-ақ жалпы мектептік және сынып ата-аналар жиналысын өткізуді шектеуді ұсынады. 3) ата-аналар баланы адамдар көп жиналатын жерден қоршауы қажет. Баланы мектепке жібермеу және тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну қажет. Сабақты/сабақты тоқтату кезінде: Сабақ өткізу күні мерекелік күндермен, ауа-райы жағдайларына байланысты ақталған күндермен, эпидемиялық және пандемиялық аурулардың салдарынан карантинді енгізумен сәйкес келген жағдайда сабақ тақырыптарын/оқыту мақсаттарын оқу пәні бойынша жақын/туыстық тақырыптармен/мақсаттармен біріктіру/ құрастыру, интеграцияны ескере отырып, көрсетілген күнге дейінгі немесе одан кейінгі сабақтарда сағат саны аз болған жағдайда оқу қажет. Бұл ретте, қосымша сағаттар бөлінбейді. Біріккен сабақтар тақырыбының журналдарында бір жолда көрсетіледі. Бұл өзгерістер мұғалімдердің жалақысына әсер етпейді, оқу сағаттары орындалды деп есептеледі. Біріккен сабақтарда неғұрлым жеңіл мақсаттар қою, жазбаша жұмыстарды жоспарламау ұсынылады. Білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде осы өзгерістер электрондық журналдарды техникалық қолдау арқылы көрсетіледі