«Шаңырақ» қауымдастығы

27.02.2020

Мектебімізде «Рухани жаңғыру » бағдарламасы аясында «Шаңырақ» қауымдастық жобасын іске асыру барысында сыныптар арасында бес топ құрылды. Мақсаты: оқушылар қауымдастығын ауызбіршілікке, біртұтастыққа, қамқорлық қарым-қатынасқа бейімдеу. Әр топ өздерінің атауын, эмблемасын, ұранымен таныстырды.1-9 сыныптар «Жау жүрек» тобы, мақсаты:Үлкенге құрмет танытып, өзгелердің өз ортасында бейімделуіне қол ұшын созуға, кез-келген мәселенің шешімін табуға, креативті ойлап, бойындағы көшбасшылық қабілеттерді дамыту.3-8 сыныптар «Алаш» тобы.
Мақсаты: оқушылардың бойындағы көшбасшылық қабілеттерді сыныбында, жалпы мектепішілік іс-шараларда таныта отырып, ұйымдастырушылық және коммуникативтік білігін дамыту және қалыптастыру.5-6 сыныптар «Алтын Орда» тобы, мақсаты: Оқушылар қауымдастығының мақсаты – бірыңғай топтар құру арқылы оқушыларды ауызбірлікке, бір тұтастыққа бейімдеу, жоғары сынып пен төменгі сынып оқушылары арасында бауырмалдық, қамқорлық қарым-қатынас қалыптастыру.2-10 сыныптар «Достық» тобы,
мақсаты: Оқушылар қауымдастығының мақсаты – бірыңғай топтар құру арқылы оқушыларды ауызбірлікке, бір тұтастыққа бейімдеу, жоғары сынып пен төменгі сынып оқушылары арасында бауырмалдық, қамқорлық қарым-қатынас қалыптастыру.4-7 сыныптар «Қыран» тобы, мақсаты: үлкенге құрмет танытып, өзгелердің өз ортасында бейімделуіне қол ұшын созуға, кез-келген мәселенің шешімін табуға, креативті ойлап, бойындағы көшбасшылық қабілеттерді сыныбында, жалпы мектепішілік іс-шараларда таныта отырып, ұйымдастырушылық және коммуникативтік білігін дамыту және қалыптастыру.

“Өзін-өзі тану” пәнінен Облыстық олимпиада

26.02.2020

26 ақпан Павлодар қаласының Абай атындағы 10 лицейінде мектебіміздің 11 сынып оқушысы Серікбай Дария өзін-өзі тану пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысып, аудан, мектеп намысын қорғады.75 оқушының ішінде жүлделі 2 орынға ие болды. Пән мұғалімі Ережепова Асылзат Ерғанатқызы, құттықтаймыз! Мектебімізде осындай білімді шәкірттеріміз көп болсын!.

“Жарқын болашақ” олимпиадасы

21.02.2020

Қаратерек орта мектебінде “Жарқын болашақ” олимпиадасына Қазан жалпы орта мектебінен 8 оқушы қатысып, 5 оқушы жүлделі орындармен оралды. Оқушыларымыз эссе жазу, ән айту, сурет салу, мақал-мәтел мен жаңылтпаш айту, прозадан үзіндіні жатқа оқу деген 5 номинация бойынша бақтарын сынады. Алдағы уақытта оқушыларымыздың жетістіктері қоржынымызда көбейіп, ұстаздардың еңбегі жанып, білімді де алғыр шәкірттеріміз көп болсын!

«ЭКО ВООМ» акциясы

21.02.2020

«Жақсылық жаса» пластикалық қақпақшаларды жинау акциясы.Акцияның мақсаты: экологиялық деңгейін көтеру, өсіп келе жаткан ұрпақтың ортасында қайырымдылық сезімін қалыптастыру. 

Малайсары батырдың 320 жылдығы

20.02.2020

Малайсары батырдың 320 жылдығына орай 1-4 сыныптар арасында «Батыр жолы» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

 

«Абай- дана, Абай – дара қазақта!»

18.02.2020

Ұлы Абай қазақ ақыны,ойшыл,композитор, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі Абай Құнанбаевтың 175 толуына арналған «Абай – дана, Абай- дара қазақта!» 

«Ауған сөнген жоқ,өшкен арман, тек сенен есте қалған» дөңгелек үстел

17.02.2020

Мектебімізде «Ауған сөнген жоқ,өшкен арман, тек сенен есте қалған» дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Ауған соғысының тарихи мағынасын ашу. «Ауған соғысы» туралы тереңірек мәлімет беріп, Тәуелсіздік жолында күрескен аға –апаларымызды еске алып ерліктерін кейінгі ұрпақтарға үлгі ете отырып, оқушыларды отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.  

«Мен оффлайн» акциясы

13.02.2020

Мектепте интернетсіз күніне арналған «Мен оффлайн» республикалық кең ауқымды балалар ақциясы өтті.Іс – шараның мақсаты:интернетке тәуелділіктің алдын алу, интернет белсенділігін бақылау мен интернет пайдалану мәдениеті арттыру.

 

«Эко воом» акциясы

12.02.2020

«ЭКО ВООМ» облыстық жоба аясында «Жақсылық жаса» пластикалық қақпақтарды жинау акциясы бойынша 2- сынып оқушысы, 4- сынып оқушысы Құлтай Аян, 3- сынып оқушысы Жамсап Адия оқушылары акцияға белсенді қатысуда. 

«FAMILY DAY» акциясы

11.02.2020

«FAMILY DAY» акциясы аясында 8-сынып оқушылары адам ағзасына пайдасы мол, дәрумендерге бай пицца пісірді.

“Коронавирус инфекциясы” сынып сағаты

10.02.2020

Барлық сыныптарда коронавирус жайлы сынып сағаттары өткізілді. Коронавирус туралы мәлімет беріліп, олардың таралу жолдары мен коронавирустан сақтану жайлы түсінік жұмыстары жүргізілді.

«Мен мықтымын» дөнгелек үстел

10.02.2020

Мақсаты: Оқушылардың эмоционалды көңіл-күйлерін көтеру және жеке тұлға екенін сезіну топтасып жұмыс істеуге дағдыландыру.
«Мен мықтымын» атты тренинг 1-4 сыныптар арасында өткізілді.Оқушылар өз ерекшіліктерін атап отті.Тренинг барысында оқушылар өздері жайлы көптеген қызықтар әнгімелеп берді.Топен жұмыс жасауда өздерін еркін ұстай алды.Оқушылар жұптасып,бір-бірінің алдында тұрып бір-біріне жақсы тілектер,лебіздер сыйлады.

«FAMILY DAY»

06.02.2020

Отбасы дәстүрін отбасылық тәрбие мен отбасының әлеуметтік құндылықтарын қалыптастыру, отбасылық бірлікті нығайту мақсатында мектебіміздің оқушылары «FAMILY DAY» жобасы аясында «Тәтті бәліштер» байқауына қатысты.8- сынып оқушылары тәтті бәліштер пісіріп, пісіру жолдарын ұсынды.

 

«СНЮС-қа жол жоқ!» акциясы шеңберінде «Өз өміріңді бұзба» тақырыбында дөңгелек үстел

05.02.2020

2020-2025 ҚР мемлекеттік денсаулықты сақтау бағдарламасы шеңберінде «Снюс-қа жол жоқ!» акциясы өткізілді. Акция негізінде аға тәлімгер С.Кайдарова 8-11 сыныптардың қатысуымен «Өз өміріңді бұзба» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. 

«Жыныстық гигиена» атты тақырыпқа дөнгелек үстел

04.02.2020

9-11 сыныптарда «Жыныстық гигиена» атты тақырыпқа дөнгелек үстел откізілді.Өмірдін үлкен бөлігі балалар мен жасөспірімдер болып келетіндіктен,оларға дұрыс көңіл бөлу сол қөғамның маңызды міндеті болып табылады.Гигиеналық білім мен гигиеналық дағдылар баланың денсаулығын нығайтуға ғана емес,сонымен бірге баланы әдептілікке,саналылыққа баулиды.Әр оқушы өз ой пікірлерін бөлісіп отырды.Қазіргі уақыта әр түрлі жұқпалы аурулардан сақ болуын айтып өтті.

 

«Құстар кафесі» акциясы

04.02.2020

«Құстар кафесі» атты экологиялық акцияға мектебіміздің оқушылары белсенді қатысуда. Мақсаты: құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.