Ұрпаққа ұран ұлы есім

                                                   Қорған болған елінің елдігіне,

                                                   Батырлардың бас идік ерлігіне.

                                                     Ұрпақтары қаһарман бабалардың

                                             Тәуелсіз қамалын көрдік міне!

           Оқушыларға патриоттық тәрбие бере отырып, Павлодар облысының батыр ұлы Махмет Қайырбаевтың ерлік істерін, отансүйгіштік қасиеттерін мақтан ету, оны өз бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу мақсатында Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде тарих пәнінің мұғалімі Хасенов Сержан Сансызбайұлы Кеңес Одағының Батыры, зеңбірекші «Махмет Қайырбаевтың туғанына 90 жыл» толуына орай «Ұрпаққа ұран-ұлы есім» атты тақырыпта оқушылармен тарихи кездесу өткізді.

         Махмет Қайырбаев 1925 жылы 1 қаңтарда Павлодар облысы Бесқарағай ауданы Семиярка селосында дүниеге келген. Махмет атамыздың өмірі біздің облысымыздың тыныс-тіршілігімен тығыз байланысты болғаны және балалық шағы Аршалы жазығындағы Құлмырза тауы етегінде (Май ауданы) өткенін, оның ерліктері туралы кеңінен мәлімет беріп, таныстырып кетті. Айта кетсек Махмет Қайырбаев атамыз Литва аумағындағы Шауләй түбіндегі ұрыста ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағымен марапатталған. Оқушылардың Махмет атамыздың өмірі туралы білуге қызығушылықтары артып, сұрақтар қойып отырды. Сонымен қатар, өздерінің ойларын ортаға салып, кештің өте жоғары деңгейде өтуіне ат салысты.

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.