ТЖДО арналған аудандық семинар

Ынтымақтастық – тәрбие негізі 

2013 жылы 4 желтоқсан күні Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде, білім беру бөлімінің қолдауымен «Ынтымақтастық – тәрбие негізі» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Мақсаты: Ынтамақтастық тәрбие негізінде жас ұрпақты тәрбиелеу.

 

Семинарға Май ауданының білім беру әдіскерлері және ауданымыздың жас жеткіншектеріне тәрбие беру жолында аянбай қызмет етуші тәрбие ісінің орынбасарлары мен аға тәлімгерлері қатысты. Семинар 2 бөлімнен тұрды.1-ші бөлімді мектеп психологы «Кереге» жаттығуымен бастап, бағдарлама бойынша ашық тәрбие сағаттарына қатысты. 2-ші бөлім тәжірибе алмасу жұмыстарымен жалғастырылды. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары отырысында Ж.М.Шарипбекова Малайсары ОМ «Салауатты өмір салтын қалыптастыру», К.Н.Смагулова Жалтыр ОМ «Ата-аналармен жұмыс», Г.К.Тұрсынбаева Ақжар ОМ «Тәрбие жұмысының 12 бағыт бойынша жоспарлануы» тақырыбында баяндамаларын оқып, тәжірибелерімен алмасты. «Балалар ұйымы – жастар тәрбиесінің бастамасы» тақырыбында аға тәлімгерлер арасында жұмыс бағыты талқыланды.

«Ынтымақтастық – тәрбие негізі» атты аудандық семинарды білім беру бөлімінің әдіскерлері Г.К.Заировамен А.А.Бакебаева қорытындылап, ұсыныстарын айтты.

Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында ынтымақ пен бірлігіміз жалғаса берсін! 

 

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.